---
title: "Жүсіп Баласағұн"
description: "Әлемдік мәдениет тарихында маңызды орны бар, туындылары адамзаттың бақыты мен келешегі үшін жол көрс..."
author: "karasay.nurotan.kz"
published: "2020-11-02T06:13:09+00:00"
modified: "2020-11-02T06:13:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-sip-balasa-n-869967"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-sip-balasa-n-869967/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жүсіп Баласағұн

> Әлемдік мәдениет тарихында маңызды орны бар, туындылары адамзаттың бақыты мен келешегі үшін жол көрс...

Әлемдік мәдениет тарихында маңызды орны бар, туындылары адамзаттың бақыты мен келешегі үшін жол көрсететін сөздермен айшықталған, түрік тілінің дамуы үшін аса зор үлес қосқан түркі әлемінің ұлы тұлғаларының бірі Жүсіп Баласағұни болып табылады. Бірақ оның көзқарасы мен өмір пәлсапасын түсінбей тұрып, туындысының маңызын түсіну мүмкін емес. Өкінішке орай Жүсіп Баласағұнидіңөмірі жайында мәліметтер мардымсыз. Ол Қыз-Орду атымен белгілі Баласағұн қаласында шамамен 1018 жылдары туылған деп саналып жүр. Махмұт Қашғари сияқты Түркістандағы сыйлы отбасынан шықса керек. Себебі дүниетанымы оның балалық шағында жақсы білім алғанын көрсетеді. Ол дәуірде мұндай мүмкіндік екінің бірінде жоқ еді. Білімімен ерекшеленіп, айналасының оған сый-құрмет көрсеткені сезіліп тұрады. Бүгін міне ұлы ойшылымыз Жүсіп атамыздың 1000 жылдығымен құттықтағым келіп отыр. Барша өсіп келе жатқан жастарымызға осы кісінін жолын тілеймін!

Қарасай аудандық Жастар ресурстық орталығының маманы, Болатбек Аяулым Ержанқызы

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zh-sip-balasa-n-869967](https://yvision.kz/kk/post/zh-sip-balasa-n-869967)