---
title: "Жәрмеңкеде 320 бос жұмыс орны ұсынылды"
description: "2017 жылдың 28 наурызы сағат 11:00-де Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы..."
author: "CRMI"
published: "2017-03-28T22:27:38+00:00"
modified: "2017-03-28T22:27:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-rme-kede-320-bos-zh-mys-orny-synyldy-761403"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-rme-kede-320-bos-zh-mys-orny-synyldy-761403/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жәрмеңкеде 320 бос жұмыс орны ұсынылды

> 2017 жылдың 28 наурызы сағат 11:00-де Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы...

2017 жылдың 28 наурызы сағат 11:00-де Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының "Жастар бастамаларын дамыту орталығы" КММ-де жұмыссыздарға арналған Бос орындар жәрмеңкесі өтті. 320 бос жұмыс орны ұсынылған жәрмеңкеге, 44 жұмыс іздеуші қатысты.

![Жәрмеңкеде 320 бос жұмыс орны ұсынылды](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/47q09tddBSTtCX7GZRFC081gg8cJVB.jpg)

Шара басында сөз алған Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Кәшкенова Хелуа Қазымқызы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы туралы түсіндірді.

![Жәрмеңкеде 320 бос жұмыс орны ұсынылды](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/ymgHIIB8xNyn9c9tvaJqYw3VCYIGYP.jpg)

Бұл бағдарлама бойынша табысы төмен қазақстандықтарға, өз шаруасын бастау үшін мемлекеттік қолдау жасалады. Негізгі мақсат - халыққа өз табысын арттыруға мүмкіндік беру. Сонымен қатар, Хелуа Қазымқызы жұмыс іздеушілерге педагогикалық мамандықтар бойынша әсіресе ауылдық жерлерде бос жұмыс орындары мол екенідігін тілге айтты.

![Жәрмеңкеде 320 бос жұмыс орны ұсынылды](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/2vj29DveVOEadwYhWlig16b9KTeTLY.jpg)

Шара барысында Жұмыспен қамту орталығының қызмет тиімділігін арттыру мақсатында қатысушылар арасында сауалнама жүргізіліп, оған 44 адам қатысты.

![Жәрмеңкеде 320 бос жұмыс орны ұсынылды](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/MYZ2Moir1i5Qc5GW87LLUopfjvO61U.jpg)

Жұмыс берушілер ретінде 18 ұйым қатысты. Олардың ішінде: «Павлодар Электржелілік Тарату Компаниясы» АҚ, «Кастинг» ЖШС сынды техникалық сала өкілдері бар. Павлодар Электржелілік Тарату Компаниясыда электромонтердің 11, инженердің 2 бос жұмыс орнындары ұсынылса, «Кастинг» ЖШС-да электромонтерлердің 2, слесарь-дәнекерлеушілердің 5 жұмыс орны ұсынылған.

![Жәрмеңкеде 320 бос жұмыс орны ұсынылды](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/dPS4meSkXUlPzvZAxBItR2y175uuiz.jpg)

Сонымен қатар аталған жәрмеңкеде Цеснабанк, Халық банк, Казкоммерцбанк, Павлодар обылсы ІІД, Асқар ЖШС, «ВолсПроект Строй» ЖШС, «Half to half» ЖШС, «Оразалин» ЖШС, «М-Ломбард» ЖШС, «Led Инстустрия» ЖК, «Чаплинская» ЖШС және т.б. кәсіпорындар бос жұмыс орындарын ұсынды.

![Жәрмеңкеде 320 бос жұмыс орны ұсынылды](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/OXRtS4fBU6N5xK39jZj5ny8yW2r4R1.jpg)

Жәрмеңке қорытындысы бойынша 9 адам тұрақты жұмысқа шақырылды.

Алтынбек Мақсатхан

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zh-rme-kede-320-bos-zh-mys-orny-synyldy-761403](https://yvision.kz/kk/post/zh-rme-kede-320-bos-zh-mys-orny-synyldy-761403)