---
title: "Жүргізуші куәлігін беру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері"
description: "2019 жылдың 30 мамырында облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанкуловтың төрағалығымен өткен «АQJAIYQ – AD..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-05-31T11:53:30+00:00"
modified: "2019-05-31T11:55:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-rgizushi-ku-ligin-beru-kezindegi-sybaylas-zhem-orly-t-uekelderi-833546"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-rgizushi-ku-ligin-beru-kezindegi-sybaylas-zhem-orly-t-uekelderi-833546/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жүргізуші куәлігін беру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

> 2019 жылдың 30 мамырында облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанкуловтың төрағалығымен өткен «АQJAIYQ – AD...

2019 жылдың 30 мамырында облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанкуловтың төрағалығымен өткен «АQJAIYQ – ADALDYK ALANY» жобалық кеңсесінің кезекті жұмыс отырысында көлік жүргізуші куәлігін алу кезіндегі тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мәселелері қаралды.

Аталған сұрақ БҚО Полиция департаментінің тіркеу-емтихан бөлімдері менмамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы қызметтерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тіркелуіне байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюросының БҚО бойынша департаментімен көтерілді.

2019 жылдың 1 шілдесінен бастап теориялық және практикалық емтихандардың Мемлекеттік корпорацияға берілуіне байланысты және «көмекші-делдалдар» қызметін жою мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» МК КАҚ БҚО бойынша департаментінің директоры М.В.Бассаровқа, арнайы бөлімінің басшысы Л.Х.Кусайноваға келесі сұрақтарды қарастыру ұсынылды:
- мамандандырылған арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы емтихан тапсыру процестерін «онлайн» транслициялауды ұйымдастыру;
- емтихан тапсыру кезін жоғары ракурсты бейнебақылау веб-камераларын орналастыру;
- бейнежазбаларды сақталуын 2 айға дейін ұзарту.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zh-rgizushi-ku-ligin-beru-kezindegi-sybaylas-zhem-orly-t-uekelderi-833546](https://yvision.kz/kk/post/zh-rgizushi-ku-ligin-beru-kezindegi-sybaylas-zhem-orly-t-uekelderi-833546)