---
title: "«Жүргізуші, біз демалысқа шықтық!»"
description: "Бұл акция – полиция қызметкерлері жазғы демалыстар қарсаңында және жаз бойы жүргізетін профилактикал..."
author: "dvd_sko"
published: "2019-05-31T08:11:55+00:00"
modified: "2019-05-31T08:11:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-rgizushi-biz-demalys-a-shy-ty-833525"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-rgizushi-biz-demalys-a-shy-ty-833525/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жүргізуші, біз демалысқа шықтық!»

> Бұл акция – полиция қызметкерлері жазғы демалыстар қарсаңында және жаз бойы жүргізетін профилактикал...

Бұл акция – полиция қызметкерлері жазғы демалыстар қарсаңында және жаз бойы жүргізетін профилактикалық науқанның бастауы. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев жеке құрамға жазғы демалыс кезеңінің басталуына байланысты балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Полиция ведомствосының бастығы Жергілікті полиция қызметі мен төтенше жағдайлар бөліністеріне балалардың жазғы демалыстағы бос уақыттарын өткізетін жерлерді тексеруге, әсіресе, барлық аттракциондардың техникалық нығайтылуы мен қауіпсіздікті тексеруге тапсырма берді.

Спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының тәрбиеленушілері балалардың қолымен салынған суреттерді жүргізушілерге таратты. «Жаз кезінде уақытымның көп бөлігін далада, көшеде өткіземін. Ата-анам менің қауіпсіздігімді, амандығымды ойлап, уайымдап жүреді. Өйткені, жол үстінде жүру қауіпті. Бүгінгі акцияға қатысқаныма қуаныштымын. Біз, балалар, жол қозғалысының қатысушыларымыз. Сондықтан мотоцикл, автокөлік жүргізушілерін жолда абай болуға шақырамын. Алдағы үш ай демалысты қауіпсіз өткізейік», - деді акция қатысушысы Думан Алдияр.

Жүргізушілер оқушылармен кездескенде, таңданыстарын білдіріп жатты. Автокөлік иелерінің көпшілігі балалармен бұл бастамаларын қолдап, жолда мұқият болуға уәде берді.

«Бұл акция арқылы жол қозғалысының барлық қатысушыларын Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Біз оқушылармен бірге көлік тұрақтарына, сауда үйлерінің алдына барып жүргізушілерге суреттер тараттық», - деп түсіндірді Петропавл қ. Полиция басқармасы ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Эльмира Абушева.

Іс-шара Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында аяқталды. Акцияның қатысушылары аталмыш мекеменің балаларымен бірге патрульдік полиция машиналарының құрылымымен және бейімдеу орталығының жұмысымен танысты. Тәртіп сақшыларының айтуларынша, мұндай шаралардың балаларды тәрбиесінде үлесі зор.

Сондай-ақ, полицейлер мектеп оқушыларына кешкі сағат 10-нан кейін үйден тыс жерде ересектерсіз жүруге болмайтынын еске салды.

СҚО ПД баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zh-rgizushi-biz-demalys-a-shy-ty-833525](https://yvision.kz/kk/post/zh-rgizushi-biz-demalys-a-shy-ty-833525)