---
title: "Жүректерді жылыта жүрейік"
description: "Жұмыстан келе жатқан бетім. Көшенің бұрышында бір әжей шырша ойыншықтарын сатып отыр екен, – деп жаз..."
author: "astana-akshamy"
published: "2016-02-04T22:51:54+00:00"
modified: "2016-02-04T22:51:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-rekterdi-zhylyta-zh-reyik-676830"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-rekterdi-zhylyta-zh-reyik-676830/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жүректерді жылыта жүрейік

> Жұмыстан келе жатқан бетім. Көшенің бұрышында бір әжей шырша ойыншықтарын сатып отыр екен, – деп жаз...

Жұмыстан келе жатқан бетім. Көшенің бұрышында бір әжей шырша ойыншықтарын сатып отыр екен, – деп жазады өткен жолы ға­ламтордағы танысым. – Жақындап қарасам, Кеңес заманындағы шыны ойыншықтар. Аяз Ата мен Ақша­қардың мақтадан жасалған мүсіндері де бар. «Үлкенін 300, шағынын 200 теңгеге беремін» дейді кейуана. Суықтан домбығып кеткен қолда­ры­мен әрқайсысын аялай ұстап, маған ұсынды. Ұқыптылықпен сақтаған дүниесі екені көрініп тұр. Біздің үйде шырша жоқ. Әрі-беріден соң, жаңа жылдың да басталғанына айдан асты. Сонда да әлгі қарттың алдындағы заттарды түгелдей қорабымен сатып алдым. Ол кісінің алақан жайып, қайыр сұрамай, адал нәпақа табуға тырысқан ниетіне сүйсіндім…

Толығырақ мына сілтемеден оқи аласыздар: http://www.astana-akshamy.kz/?p=31362

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zh-rekterdi-zhylyta-zh-reyik-676830](https://yvision.kz/kk/post/zh-rekterdi-zhylyta-zh-reyik-676830)