---
title: "Жүрекке абай болыңдар"
description: "Дейтін еді: қыз көрсем сайтаным бар, Бет-жүзіне қарамай айтарым бар. Ей, байғұстар, оқуды қайтесің..."
author: "Beibit_Sarybai"
published: "2018-02-19T16:54:10+00:00"
modified: "2018-02-19T16:54:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-rekke-abay-boly-dar-797245"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-rekke-abay-boly-dar-797245/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жүрекке абай болыңдар

> Дейтін еді: қыз көрсем сайтаным бар, Бет-жүзіне қарамай айтарым бар. Ей, байғұстар, оқуды қайтесің...

Дейтін еді: қыз көрсем сайтаным бар, Бет-жүзіне қарамай айтарым бар. Ей, байғұстар, оқуды қайтесіңдер, Онанда жақсы-жақсы бай табыңдар... Мұқағалидың «Еркекшора» атты өлеңінен

Қыздың жолы жіңішке, қыздың қырық жаны бар деп кете береді. Санап жатқан ешкім жоқ, санайтын адам болса, осы қазақта қыз туралы қырық мақал бар шығар-ау, ең кемі. Жолы жіңішке бола тұра, қырық жанының арқасында ыстыққа да, суыққа да шыдайтын сол қыздардың сезімге келгенде шыдамсыз болатынына таң қаласың. Және соның барлығы үмітсіз дүние, баянсыз сезім болса ше? Өткен ғасырдың аяғы мен осы ғасырдың басында Мейрамбектің суретін төсегінің басына жапсырып, әнімен сырласып, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған қыздардың саны он мыңнан, тіпті, жүз мыңнан асты десе, сенер едім. Осыған дейінгі ешбір дерегін қисынға келтіре алмаған статистика айтса да сенер едім. Сол баянсыз сезімдерінің кесірінен қанша қыз уақытын өткізіп алды екен деген ой келеді. Мүмкін кейбірі Мейрамбектің елесімен "некелесіп" алып, «тірідей» бірде-бір рет көрмесе де, әлікүнге «бірге ғұмыр кешіп» келе жатқандар да бар болуы бек мүмкін. Ертерек ес тоқтатып, байына шығып, бала сүйіп, қазір Мекеңді теледидардан көрсе, баяғы бала қылығы есіне түсіп, күйеуіне көрсетпей бір жымиып алатындар да жоқ емес шығар. Не де болса, Мекеңе ғашық қыздар көп болды. Солардың әр қайыссының бойын өлшеп, барлығын бір-біріне қосатын болса, біраз шақырымға созылатыны анық. Алматыдан тұрып есептегенде, сол қыздардың бойларының қосынды ұзындығы, жерге жатқызып, келеметрге шағып жіберсе, Меккеге жетпесе де, Маңғыстауға жете жығылатын шығар-ау, дейді бір ойым.

Ақпарат көзі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zh-rekke-abay-boly-dar-797245](https://yvision.kz/kk/post/zh-rekke-abay-boly-dar-797245)