---
title: "Жүрек тебірентер телетуынды"
description: "11.10.12.Баян Есентаеваның көптен күткен «Ғашық жүрек» теле­топ­тамасы көрерменге жол тартты. Осы..."
author: "AIKYN"
published: "2012-10-10T23:28:56+00:00"
modified: "2012-10-10T23:28:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-rek-tebirenter-teletuyndy-295525"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-rek-tebirenter-teletuyndy-295525/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жүрек тебірентер телетуынды

> 11.10.12.Баян Есентаеваның көптен күткен «Ғашық жүрек» теле­топ­тамасы көрерменге жол тартты. Осы...

**11.10.12. Баян Есентаеваның көптен күткен «Ғашық жүрек» теле­топ­тамасы көрерменге жол тартты. Осыған орай баспасөз өкілдеріне туындының бірінші сериясы көрсетілді. **

****

Ұйымдастырушылар уәде еткендей, бұл туынды ешкімді де бей-жай қалдырмады. Көрсеті­лімге қатысқан барлық жанның жүрегі бұл кештен ауырып қайт­ты. Көрерменнің туындыдан кө­- ңілі қалып жүрегі ауырған жоқ, ондағы ауыр сюжеттен еңсесін көтере алмай шықты. Осылай басталған бұл телетоптаманың бірінші сериясынан-ақ көпші­лік­тің көңілінен шығатыны анық байқалды. Жобаның бас продю­сері Баян Есентаева: «Залда отыр­ған көрерменнің көз жасын сы­ғып алғанын көрдім. Біздің басты мақ­сатымыз да осы еді, яғни адам­ға ой салу болатын. Бұл бір көрген соң ұмытылып қалатын дүние емес деп ойлаймын» деді. Расында, бұл туындыны әрбір жан жүрегі сыздап отырып көре­тіні анық. Өйткені мұнда кешегі мен бүгінгінің проблемалары, қилы өмірдің қиындықтары жақ­сы көрініс тапқан. «Еларна» телеарнасының ди­ректоры Айгүл Мүкей де те­ле­се­риалдың жұрт көңілінен шы­ға­тынына сенімді. «Көрерме­німіз бұл телетоптаманы ұзақ күт­кен болатын. Қазақ жұрты­ның сол үмітін ақтаймыз дегенге сенгім келеді. Өйткені мұнда ро­манти­- ка да, бүгінгі күннің көкей­кесті проб­лемалары да бар. Сю­жеті де қызық. Сонау 90-жыл­дардың басынан бастау алатын оқиға желісі осы күнге дейін со­зыл­ған. Мұнда жетім балалардың тағдыры басты назарға алынып отыр. Бұл туынды өмірдің өткір тұстарын, қатал қоғамды көрсете отырып, адамды мейірімділікке шақырады» дейді. Режиссер Асқар Ұзабаев пен Баян Есентаеваның айтуынша, бұл жоба - кинотоптама. Өйткені туындының әрбір сериясында көркем фильмге тән ерекшелік бар. Ендеше, кинотоптаманың бірінші сериясынан көңілге түй­генімізді баян етейік. Алдымен телетуындының маз­мұнына тоқталсақ. Оқиға 1990 жыл­дардан басталады. Сол кездің бүгінгі күнмен үндес әлеуметтік проблемалары, әрбір қазақтың тұрмысындағы қиындықтар, мә­дениет саласындағы көкейкесті мәселелер туынды шеңберінен шет қалмаған. Сондай-ақ қазіргі күннің өзекті мәселесіне айналып отырған қыз тәрбиесі, ойнап жү­ріп от басатын арулардың тағды­ры, соның нәтижесінде дүниеге келетін өмірге назалы, мұңды же­тімдер өмірі түгел қамтылған. Туындыдан шерлі жетімдердің шынайы өмірін көруге болады. Бұл орайда Баянның шығар­ма­шы­лық тобы көрерменге аяушы­лық танытпапты. Қалшылдап, ді­рілдеп суық көзқарастардан тоңып, қорғансыз бүрісіп тұрған жетімдерді көрген адамның жү­регі сыздап қоя берері анық. Же­тім бүлдіршіндердің қорқа қараған жанары, қайда барып, не істерін білмей, аңтарылып тұрғаны шы­найы шыққандығы соншалықты, дәл сол сәтте көкірегіңнен ауыр күрсіністің қалай шыққанын өзің де аңғармай қаласың. Иә, бұл сәт­тің шынайы шыққанының се­бе­- бі картинада шын жетімдердің ойнағандығы болар. Міне, басты кейіпкердің өмірі осындай азап­тан, тар жол тайғақ кешуден бас­талмақ. Туындыда одан да басқа адамның барды бағаламайтын қасиеті әшкереленіп, оның әлсіз­діктен, дәрменсіздіктен ішкілікке салынатындығы да жақсы көрініс тапқан. Телетоптаманың ең ауыр жүгі актерлерге жүктелетіні аян. Бар­лық актер мінсіз, керемет ойна­- ған деп айтсақ артық болар. Шыны керек, жас актерлерге біраз ше­берліктің жетіспей тұрғаны аңға­рылып қалады. Бірақ Берік Айт­жанов сынды талантты ак­тердің шебер ойыны сол жастардың ол­қы­лықтарын жуып-шайып кете­тіндей. Естеріңізге сала кетсек, бұл - туындының алғашқы серия­сы. Ал кейінгі оқиға балалар үйін­де өрбіп, онда сол үйдің перзент­тері бой көрсетпек. Періштелерде жасандылық болмайтынын ескер­сек, кейінгі сюжеттердің сәтті шы­ғатыны сөзсіз. Бір айта кетерлігі, телехикаяны сазбен әрлеген композиторлар музыка таңдауда еш жаңылыс­папты. Құлақ құрышын қандыра­тын ұлттық әуен туындының сю­жетімен керемет үндесіп жа­тыр. Ұйымдастырушылардың жос­пары бойынша 25 сериядан тұ­ратын бұл телетоптама көзі қарақ­ты көрермен назарына 15 қазан­нан бастап «Ел арна» телеарна­сынан ұсынылады. **Сабина Зәкіржанқызы **

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zh-rek-tebirenter-teletuyndy-295525](https://yvision.kz/kk/post/zh-rek-tebirenter-teletuyndy-295525)