---
title: "Жүрек сөздері"
description: "Қалай жаным аңсағаным қал жағдайың? Бір өзіңді аңсауменен болды уайым... Кеудемдегі жүрек қағыс, жан..."
author: "nurs777"
published: "2011-02-22T10:02:04+00:00"
modified: "2011-02-22T10:02:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-rek-s-zderi-123525"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-rek-s-zderi-123525/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жүрек сөздері

> Қалай жаным аңсағаным қал жағдайың? Бір өзіңді аңсауменен болды уайым... Кеудемдегі жүрек қағыс, жан...

Қалай жаным аңсағаным қал жағдайың?

Бір өзіңді аңсауменен болды уайым...

Кеудемдегі жүрек қағыс, жан тербеліс,

Сағыныштан сарғаюда сағат сайын!

***

Алау сезім екі өртеніп, бір жанады,

Жан дүнием төңкеріліп жыртылғандай.

Ыстық жүрек, ғашық жүрек шын соғады,

Сені аңсап, аймалауға ұмтылғандай!

***

Мыста алтын, қолада алтын, алтын да алтын.

Қайда бар шынайы алтын жарқылдайтын?!

Кейбіреулер еңкейгенге шалқаяды,

Адам зат жоқ "алтынмын" деп айтылмайтын.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zh-rek-s-zderi-123525](https://yvision.kz/kk/post/zh-rek-s-zderi-123525)