---
title: "\"Жүрегімізбен алашшыл болып қалдық\". Сәтбаев туралы..."
description: "Бүгін ұлы ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш инженер-геолог, тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың (12.04.1899 – 31.01.1964) дүниеге келгеніне 125 жыл толды. Осыған орай оған қатысты қызықты деректерді оқырман назарына ұсынып отырмыз. - Қаныш Сәтбаев қазақ..."
author: "orazali"
published: "2024-04-12T05:23:45+00:00"
modified: "2024-04-12T05:30:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-regimizben-alashshyl-bolyp-aldy-anysh-s-tbaev-turaly-yzy-ty-derekter-1003295"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-regimizben-alashshyl-bolyp-aldy-anysh-s-tbaev-turaly-yzy-ty-derekter-1003295/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# "Жүрегімізбен алашшыл болып қалдық". Сәтбаев туралы...

> Бүгін ұлы ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш инженер-геолог, тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың (12.04.1899 – 31.01.1964) дүниеге келгеніне 125 жыл толды. Осыған орай оған қатысты қызықты деректерді оқырман назарына ұсынып отырмыз. - Қаныш Сәтбаев қазақ...

*Бүгін ұлы ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш инженер-геолог, тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың (12.04.1899 – 31.01.1964) дүниеге келгеніне 125 жыл толды. Осыған орай оған қатысты қызықты деректерді оқырман назарына ұсынып отырмыз. *

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/91ea3b543780a28567bedd3ff46be3.jpg)

- Қаныш Сәтбаев қазақ жеріндегі Менделеев кестесінде бар барлық элементтерді тапқан.

- Академик өрдегі Сарыарқаға қарай ағатын «Ертіс-Қарағанды» арнасының жобасын жасаған. Оның құрылысы 1961 жылы басталып, 1967 жылы аяқталды. Нәтижесінде Орталық Қазақстан толығымен сумен қамтамасыз етілді.

- 1951 жылы Мәскеу Мұхтар Әуезов, Қажым Жұмалиев, Есмағамбет Ысмайылов, Ахмет Жұбановарды ұлтшыл деп айыптап, Қаныш Сәтбаевқа осы адамдарды қызметтен босату туралы бұйрыққа қол қойғызғысы келеді. Бірақ академик одан бас тартқан. Содан кейін Сәтбаевтың өзі биліктегіледің қаһарына ұшырап, Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті қызметінен босап қалды.

- Қаныш Сәтбаев пен Мұхтар Әуезов жақсы дос болған. Семейдегі мұғалімдер семинариясында бірге оқып, бір бөлмеде тұрған.

- Оның түрлі салаларда жазған 800-ден астам ғылыми еңбегі бар.

- 1947 жылы Лондонда Ұлыбританияың экс-премьері, сол кездегі Консеваторлар партиясының басшысы Уинстон Черчилмен кездескен. Сол кездесуде Черчилдің: «Барлық қазақтардың сіз сияқты бойы ұзын ба?» деген сұрағына Сәтбаев: «жоқ, мен қазақтардың арасында ең бәкене бойлысы болармын, менің халқым менен биік» деп жауап қайтарған.

- Сәтбаев қазақ тіліндегі алғашқы «Алгебра» оқулығын жазып шығарды.

- Жер асты минералдарының картасын жасағанда, Қаныш Сәтпаев бірнеше ірі кен орындарын белгілеген жоқ. Жақын достарына: «Мен бұл орындарды әдейі жасырдым, өйткені ол біздің ұрпақтарымыз үшін қажет!» депті.

- 1935 жылы Жезқазғанды зерттеу кезінде, Қаныш Сәтпаев 14-ғасырда Әмір Темір қалдырып кеткен, жазуы бар тасты тауып алды.

- "Алаш" партиясымен байланысы болған. Қаныш Имантайұлы 50-жылдары Баянауылда болған бір кездесуде: «Біз Алаштан жазбаша түрде бас тарттық, бірақ жанымызбен, жүрегімізбен алашшыл болып қалдық және олардың идеясын іске асырып жатырмыз» деген екен.

- Қазақстанның астанасы орталық өңірде (Қарағанды не Целиноград (қазіргі Астана) болуы керектігін жазған.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zh-regimizben-alashshyl-bolyp-aldy-anysh-s-tbaev-turaly-yzy-ty-derekter-1003295](https://yvision.kz/kk/post/zh-regimizben-alashshyl-bolyp-aldy-anysh-s-tbaev-turaly-yzy-ty-derekter-1003295)