---
title: "«Жүрегім сізге аманат» телехикаясы көрсетіледі"
description: "Басты рөлдерде – Джоди Мария, Ричард Яп, Джером Понс, Джанель Сальвадор, Мутия Оркия. 5 тамыздан «..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-07-19T06:10:00+00:00"
modified: "2015-07-20T06:05:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-regim-sizge-amanat-telehikayasy-k-rsetiledi-523240"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-regim-sizge-amanat-telehikayasy-k-rsetiledi-523240/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жүрегім сізге аманат» телехикаясы көрсетіледі

> Басты рөлдерде – Джоди Мария, Ричард Яп, Джером Понс, Джанель Сальвадор, Мутия Оркия. 5 тамыздан «...

![«Жүрегім сізге аманат» телехикаясы көрсетіледі](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/tKhQCCFyX518mHZX7S5gsED5Di55eq.png)

Басты рөлдерде – Джоди Мария, Ричард Яп, Джером Понс, Джанель Сальвадор, Мутия Оркия. 5 тамыздан «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «Жүрегім сізге аманат» атты филиппиндік телехикая көрсетіледі. Туынды сюжеті бойынша, Майя стюардесса болу үшін қалаға келеді. Алайда, оның оқуға төлейтін ақшасы болмайды. Сол себепті Майя Виктордың үйіне бала бағушы болып жалданады. Майя бұл үйге келгелі бері отбасындағы қуаныштың азайып бара жатқанын байқайды. Виктор Лим – «Lim» әуе компаниясының президенті әрі жетекшісі. Әйелі қайтыс болған. Люк, Никки және Эбигейл атты үш баланың әкесі. Люк – үйдің үлкені. Момын әрі бүлікші бала. Никки – ортаншы қыз. Анасы қайтыс болған соң, жұмысбасты әкесінің мейіріміне қана алмай жүрген ол Майяның махаббатына бөленеді. Эбби – үйдің кенжесі. Майяға дейінгі бала күтушілердің ешбірі бір аптаға жетпей жұмыстан шығып кететін. Себебі, Эббидің мінезіне шыдау мүмкін емес. Ал, Майяны ол өзін әуежайда құтқарып қалған соң, жақын тарта бастайды. 80 бөлімнен тұратын телетуындыда асты рөлдерде Джоди Мария, Ричард Яп, Джером Понс, Джанель Сальвадор, Мутия Оркия ойнайды. Телетуынды Ұлттық арнадан дүйсенбі-жұма аралығында сағат 22:40-та көрсетіледі.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zh-regim-sizge-amanat-telehikayasy-k-rsetiledi-523240](https://yvision.kz/kk/post/zh-regim-sizge-amanat-telehikayasy-k-rsetiledi-523240)