---
title: "Жәнібек ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді"
description: "Аудан әкімі Азамат Сафималиевтің ұсынысы, аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен, аудандық мәсл..."
author: "zko.nurotan.kz"
published: "2021-08-21T17:55:55+00:00"
modified: "2021-08-21T17:55:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-nibek-audanyny-rmetti-azamaty-ata-y-berildi-945710"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-nibek-audanyny-rmetti-azamaty-ata-y-berildi-945710/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жәнібек ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді

> Аудан әкімі Азамат Сафималиевтің ұсынысы, аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен, аудандық мәсл...

Аудан әкімі Азамат Сафималиевтің ұсынысы, аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен, аудандық мәслихат сессиясының шешімімен 2021 жылдың 21 тамызында аудан орталығына іс сапармен келген жерлесіміз, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Құлшарға Жәнібек ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/440493/e4e71c267fd1c85d4cbc4c82e38ef9.jpg)

Осыған орай аудан әкімдігінде ауданның ардагерлері жиналып, аталмыш атақ иесімен кездесті.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/440493/abe7237b04b8fcd4723bb5d7761b9c.jpg)

Кездесуде аудан басшысы Азамат Сафималиұлы марапат иесін шын жүректен құттықтап, ауданымызға сіңірген еңбегі үшін алғысын айтты. Төс белгі табыстады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/440493/7aa7801b68bef7aff5ff2a64d73392.jpg)

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиевте құттықтауын жеткізіп, Мәлік Иманқұлұлының балалық шағы, өскен ортасы жайлы естеліктер айтып берді.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/440493/285e90404efae35b8cff4e6864edec.jpg)

Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Бекет Әліпқалиев құттықтау тілегін жеткізсе, Қабаш Жүнісов шәкіртіне ақ батасын берді.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/440493/c28af21fac0d6322f82bf942d20583.jpg)

Бұдан соң халық қалаулысы сөз алып, жылы лебіздері үшін алғысын айтты.

-Шынымды айтсам қатты толқып тұрмын. Бұл атақ менің абыройымды асқақтатқанымен қатар жаңа міндет жүктеп отыр. Енді мен жерлестерімнің, Жәнібек ауданының сенімін ақтау үшін осы уақытқа дейін жиған терген бар тәжірибемді адал қызымет атқаруға арнайтын боламын,-деп қортындылады ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Құлшар.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/440493/5309f4edc5aaf37f2091e09dcabc68.jpg)

Бақытжан МАРАТҰЛЫ

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zh-nibek-audanyny-rmetti-azamaty-ata-y-berildi-945710](https://yvision.kz/kk/post/zh-nibek-audanyny-rmetti-azamaty-ata-y-berildi-945710)