---
title: "«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы."
description: "Қобда ауданы бойынша «Nur Otan» партиясы жанындағы аудан әкімі Б.Құлов бастаған партиялық бақылау то..."
author: "hobdy.nurotan.kz"
published: "2020-11-23T05:55:08+00:00"
modified: "2020-11-23T05:55:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-myspen-amtudy-zhol-kartasy-ba-darlamasy-877366"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-myspen-amtudy-zhol-kartasy-ba-darlamasy-877366/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы.

> Қобда ауданы бойынша «Nur Otan» партиясы жанындағы аудан әкімі Б.Құлов бастаған партиялық бақылау то...

Қобда ауданы бойынша «Nur Otan» партиясы жанындағы аудан әкімі Б.Құлов бастаған партиялық бақылау тобы 24.08.2020ж кезекті рейдке шыққан болатын. Аталған топ аудандық орталық аурухананың жағдайымен танысып, аурухана жанындағы ( бұрынғы инфекциялық бөлімшесі ) бөлек тұрған ғимараттың жөндеу жұмыстарын көріп шыққан еді. Жөндеу жүргізіп жатырған мердігерлермен сөйлесіп, жөндеу жұмыстарының сапасына көңіл бөлуін тапсырды. Сонымен қатар ғимарат айналасын абаттандыру мен жаяу жүрушілерге арналған тротуарлар салынған болатын. Бас дәрігерінің орынбасары Құрмашева Анаргүлдің айтуынша аталған ғимараттың жөндеу жұмыстары аяқталуға жақындап қалды. Қазіргі таңда мердігерлер тиісті құралдар мен қажетті жабдықтарды толығымен жеткізіп,ғимараттың бірінші және екінші қабатының ішкі жарларын тегістеу жұмыстарын аяқтады. Комиссия мүшелері аталған жұмыстарының сапалы әрі мерзімінде аяқтау мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізілетінін ескерттен болатын.

![«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы.](https://storage.yvision.kz/images/user/443439/12dc790458d7c6f7b9776913b9cf5d.jpg)

17.11.2020ж,. өткен мониторинг бойынша партия жанындағы бақылау тобы аудандық аурухананың инфекциялық бөлімінің жұмысымен партия жанындағы бақылау тобы танысып шықты. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы күрделі жөндеуден өткен нысан қазіргі уақытта қалыпты жұмыс жасап тұр. 50 орынға арналған инфекциялық бөлімде 4 жасанды оттегі беру аппараты бар реанимациялық палата дайындалған. Сонымен қатар соңғы үлгідегі қажетті заманауи медициналық құралдармен жабдықталған. Дәрі-дәрмек қоры жасақталған. Медициналық персоналдар жеткілікті. Нысанды аралау барысында бақылау тобының мүшелері жауапты тұлғаларға медициналық көмек көрсету сапасын арттыруды тапсырып, нақты тапсырмалар жүктеді. @nurotankobda

![«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы.](https://storage.yvision.kz/images/user/443439/4b742924a9b6b119b626365f39bb6e.jpg)

![«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы.](https://storage.yvision.kz/images/user/443439/0069fcd331b42cbc1e473a809ebf28.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zh-myspen-amtudy-zhol-kartasy-ba-darlamasy-877366](https://yvision.kz/kk/post/zh-myspen-amtudy-zhol-kartasy-ba-darlamasy-877366)