---
title: "Жұмыспен қамту орталығында дөңгелек үстел өтті"
description: "2019 жылғы 3 қаңтарда Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығында халықаралық ұйымдар өкілде..."
author: "almaty_employment_center"
published: "2019-01-15T03:18:04+00:00"
modified: "2019-01-15T03:18:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-myspen-amtu-ortaly-ynda-d-gelek-stel-tti-823745"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-myspen-amtu-ortaly-ynda-d-gelek-stel-tti-823745/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жұмыспен қамту орталығында дөңгелек үстел өтті

> 2019 жылғы 3 қаңтарда Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығында халықаралық ұйымдар өкілде...

2019 жылғы 3 қаңтарда Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығында халықаралық ұйымдар өкілдерінің, сарапшылар мен Жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің қатысуымен Дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел «Жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін жетілдіру» жобасының шеңберінде Қазақстандағы жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін жетілдіру мен жақсарту жолдарын талқылауға арналды. Күрделі мәселелерді талқылау барысында сарапшылар өздерінің қызметіндегі проблемалардың жүйелі сипатын атап өтті, сондай-ақ жұмыспен қамту орталықтарының жұмыстарын жақсарту әдістеріне қатысты пікірлерімен және көзқарастарымен бөлісті.

Дөңгелек үстелдің спикерлері:

Бейсембаев Ғани Бектайұлы, «EDTECH-KZ» Халықаралық білім орталығының бас директоры, ЮНЕСКО клубының басшысы

Жебегенова Орынқыз Керімбайқызы, "K-BAGDAR" Халықаралық Қоғамдық қорының басшысы

Омар Олжас Қобландыұлы, сарапшы

Қалыкова Айгүл Оразқызы, сарапшы.

Азизова Тлахан Усмановна, сарапшы.

О.К. Омар Дөңгелек үстелге қатысушыларды жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін жетілдіру бойынша келесі іс-шаралармен таныстырды:

кәсіптік оқытуға жазылған адамдарды кәсіптік даярлаудан өткізу;

осы мамандықтар бойынша бос орындары бар жұмыс берушілердің кәсіптік оқытуға жазылған адамдарымен әңгімелесу өткізу;

мерзімі аяқталғаннан кейін жастар практикасына жіберілген 50 % кем емес тұлғаларды тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға байланысты жұмыс берушілердің кепілді хаттарын ұсынуы бойынша мәселелерді қарау;

«Кәсіптер әлемі» (Сеулде JobWorld ретінде) Кәсіптік бағдарлау орталығының ашылуы;

нақты мақсатты топтарға (медиктер, педагогтар, полицейлер мен т.б.)арналған бос орындар жәрмеңкесін өткізу;

кадр қызметкерлері клубын құру және т.б.

Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар тұсаукесерінен кейін, кездесу табысты жұмыстың маңызды элементі болып табылатын,жұмыспен қамту орталықтарының кадрлық құрамын талқылауға ауысты. Спикерлердің сөз сөйлеуінен кейін барлық қатысушылар сауалдар қойып, жауаптарын алды, пікірлері мен ұсыныстарымен алмасты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zh-myspen-amtu-ortaly-ynda-d-gelek-stel-tti-823745](https://yvision.kz/kk/post/zh-myspen-amtu-ortaly-ynda-d-gelek-stel-tti-823745)