---
title: "Жұмыс іздеуші жастарға.."
description: "2016 жылдың 7 қазаныңда Жастар бастамаларын дамыту орталығында кезекті бос қызмет жәрмеңкесі өткізі..."
author: "CRMI"
published: "2016-10-07T00:22:14+00:00"
modified: "2016-10-08T00:28:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-mys-izdeushi-zhastar-a-716645"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-mys-izdeushi-zhastar-a-716645/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жұмыс іздеуші жастарға..

> 2016 жылдың 7 қазаныңда Жастар бастамаларын дамыту орталығында кезекті бос қызмет жәрмеңкесі өткізі...

2016 жылдың 7 қазаныңда Жастар бастамаларын дамыту орталығында кезекті бос қызмет жәрмеңкесі өткізілді. Түрлі сфералардан бос қызмет орындары қарастырылып, жұмыс іздеуші жастарға жақсы мүмкіндіктер ұсынылды.

![Жұмыс іздеуші жастарға..](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/dKR1Epc0Kf7gR4Y806w8XR8hdRMyam.jpg)

Бос қызмет жәрмеңкесінде бос жұмыс орындары туралы ақпаратты қаланың осындай ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының өкілдері: «Алюминий Казахстана» АҚ-сі, «Кастинг» ЖШС, «KSP Steel» ЖШС, «Феликс» сауда және өндірістік компаниясы, «Inter Snack» ЖШС, Павлодар қаласының №2 балабақшасы, Инновациялық Еуразия Университеті, «Альфа-Банк», «Қазақстан Халық Банк» АҚ-сі, «Алтын Орда» КМҚК- сі, «Гуйру» лағман орталығы, «Аравия» мейрамханасы, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-сі, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-сі (БЖЗҚ), «АTD.KZ» ЖШС-сі, «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ-сі т.б ірі кәсіпорындары қатысты.

![Жұмыс іздеуші жастарға..](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/Ii8x6b2Ml3A6vCwD6pA523Z5V9KbrI.jpg)

Бос қызмет жәрмеңкесі жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мақсатында ұйымдастырылды. 180 ге жуық жұмыссыз жастар өздерін қызықтырған бос қызмет орындармен танысып, кеңес алды, түйіндемелерін қалдырды.

![Жұмыс іздеуші жастарға..](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/aO9iX6b6HMsP6a25vz834G2j1Tl4RW.jpg)

**Хабарландыру!**

Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Черноярка ауылының ауыл шаруашылығы жеміс-жидектерді жинауға жастарды жұмысқа шақырады. Егер сізді бұл жұмыс қызықтырса, 8 қазан күні сағат 07:30 да Ломов 38 көшесінде орналасқан Жастар бастамаларын дамыту орталығында күтеміз.

![Жұмыс іздеуші жастарға..](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/2HCox9F4r14irFoZdd9UTucO7QsNP5.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zh-mys-izdeushi-zhastar-a-716645](https://yvision.kz/kk/post/zh-mys-izdeushi-zhastar-a-716645)