---
title: "Жұмыс іздегендердің басы жәрмеңкеде тоғысты"
description: "Ағымдағы жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүсті..."
author: "finpolsko"
published: "2016-03-17T02:41:57+00:00"
modified: "2016-03-17T02:41:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-mys-izdegenderdi-basy-zh-rme-kede-to-ysty-683915"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-mys-izdegenderdi-basy-zh-rme-kede-to-ysty-683915/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жұмыс іздегендердің басы жәрмеңкеде тоғысты

> Ағымдағы жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүсті...

![Жұмыс іздегендердің басы жәрмеңкеде тоғысты](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/LWViJ68zMa3v0ahJR2A7S76095784L.jpg)

Ағымдағы жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті СҚО жастар бастамалары орталығымен ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты.

Әдетте мұндай жәрмеңкелердің басты мақсаты – өзін-өзі қамтыған азаматтарға, жұмыссыздарға түрлі жұмыс орындарын ұсыну. Осы жолы да жәрмеңкеге қатысқан қаламыздың 10 кәсіпорны мен ұйымы 200-ден астам бос қызмет орындарын ұсынды.

Департамент өкілдері болса, Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік органдарындағы бос лауазымдарымен таныстырып қана қоймай, аудандар кесіндісіндегі мемлекеттік органдар қызметінің негізгі бағыттары және оларға қойылатын талаптар туралы толық мағлұмат та берді.

![Жұмыс іздегендердің басы жәрмеңкеде тоғысты](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/kC90nUF23aIw3B4PuLncIf83A1TIKO.jpg)

Сондай-ақ мемлекеттік қызметті өткеру, бос әкімшілік лауазымға орналасу үшін тестілеуден өту және конкурсқа қатысу мәселелері бойынша кеңестер берілді. Аталмыш шара барысында өңіріміздегі сыбайлас жемқорлықтың өршу деңгейін анықтау мақсатында арнайы сауалнама жүргізілді.

![Жұмыс іздегендердің басы жәрмеңкеде тоғысты](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/T5zNChEI16avo8xh6OTYlsLgs0b3cc.jpg)

Осы күні жүзге тарта адамның басы жәрмеңкеде тоғысты, оларға арнайы әзірленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы үнпарақтар таратылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zh-mys-izdegenderdi-basy-zh-rme-kede-to-ysty-683915](https://yvision.kz/kk/post/zh-mys-izdegenderdi-basy-zh-rme-kede-to-ysty-683915)