---
title: "Жұмыр"
description: "Исатай ауылы Нарын құмының төскейіне, Атырау-Астрахан теміржол желісінің дәл ортасына орналасқан. Яғ..."
author: "Alik66"
published: "2011-11-17T07:03:38+00:00"
modified: "2011-11-17T07:42:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-myr-148048"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-myr-148048/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жұмыр

> Исатай ауылы Нарын құмының төскейіне, Атырау-Астрахан теміржол желісінің дәл ортасына орналасқан. Яғ...

Исатай ауылы Нарын құмының төскейіне, Атырау-Астрахан теміржол желісінің дәл ортасына орналасқан. Яғни облыс орталығы Атыраудан 180 шақырым қашықтықта. Ауылдың шетінде "Жұмыр" атты төбешік бар. Ауылдың қартаңдау келген адамдары бұл төбешікті "Жұмыр" деп атайтын және осы төбешікке қарап, "қасиетті бабалар қорымы" деп, оларға арнап құран бағыштаушы еді. Жастау кезімізде ауыл балаларынан "осы төбешіктен қылыш, найза сияқты бұрынғы заманның қару-жарақтарын тауып алдық" дейтінін еститінбіз. Бірақ бұл төбешіктің тарихын ешкім білмеді ме, әйтеуір, ол туралы ештеңе естіген жопыз. Кейін келе Махамбет бабамыздың "Жұмыр-Қылыш" күйінің бар екені жарыққа шығып, бұл Жұмыр, Қылыш деген Исатай, Махамбет көтерілісінің ішіндегі батырлар екенін естіген болатынмын. Осы Жұмыр батырдың жерленген жері осы қорым емес пе екен деген ой келді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zh-myr-148048](https://yvision.kz/kk/post/zh-myr-148048)