---
title: "Жұмабай Шаштайұлы қайтыс болды"
description: "Белгілі жазушы, журналист Жұмабай Шаштайұлы қайтыс болды. Бұл туралы әлеуметтік желіде оның әріптестері жазып жатыр. \"Қасиетті Оразаның екінші күні қазақтың біртуар қаламгері, асыл Ағамыз Жұмабай Шаштайұлы Жаратқанның құзырына қайтыпты… Өкінішті…..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-03-12T03:45:46+00:00"
modified: "2024-03-12T03:45:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-mabay-shashtay-ly-aytys-boldy-1002124"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-mabay-shashtay-ly-aytys-boldy-1002124/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жұмабай Шаштайұлы қайтыс болды

> Белгілі жазушы, журналист Жұмабай Шаштайұлы қайтыс болды. Бұл туралы әлеуметтік желіде оның әріптестері жазып жатыр. "Қасиетті Оразаның екінші күні қазақтың біртуар қаламгері, асыл Ағамыз Жұмабай Шаштайұлы Жаратқанның құзырына қайтыпты… Өкінішті…...

Белгілі жазушы, журналист Жұмабай Шаштайұлы қайтыс болды. Бұл туралы әлеуметтік желіде оның әріптестері жазып жатыр.

![Жұмабай Шаштайұлы қайтыс болды](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/4ee39564eccbb620a51c127eddd326.jpg)

"Қасиетті Оразаның екінші күні қазақтың біртуар қаламгері, асыл Ағамыз Жұмабай Шаштайұлы Жаратқанның құзырына қайтыпты…

Өкінішті…

Сөз жоқ…

Бірнеше буынға ұстаз болған, адал һәм тап-таза қалпынан айнымай, соңынан бір ауыз бөтен сөз ілестірмеген сәби болмысты Жұмағаң туралы айтар жақсы әңгіме көп.

Жақсылар шетінен кетіп жатыр…

Сізді сағынатын болдық…

Бақұл болыңыз, Аға…

Біз Сізге әлі ораламыз…" -- деп жазды Мәжіліс депутаты, ақын Жанарбек Әшімжан.

Жұмабай Шаштайұлы 1950 жылдың 10 қазанында Алматы облысы Жамбыл ауданының Жамбыл ауылында дүниеге келген. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, "Коммунизм жолы" газетінде, 1980-87 жылдары республика "Лениншіл жас", "Социалистік Қазақстан" газеттерінде, 1987-90 жылдары Жалын журналында жұмыс істеді.

1990-92 жылдары Қазақ тілі қоғамы Алматы облыстық комитеті төрағасының орынбасары, 1992-96 жылдары "Жас Алаш",, "Қазақ әдебиеті" газеттерінде бөлім меңтерушісі, 1996-2002 жылдары халықаралық "Заман-Қазақстан" газетінің бас редакторы болды.2002 жылдан Қазақ радиосының бас редакторы қызметін атқарды. 2008-2017 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы болды.

1982 ж. "Таң нұры" атты ұжымдық жинаққа Қияда атты алғашқы повесі енді. 1984 жылы шыққан Қызын кар атты тұңғыш жинағы сол кездегі саяси басшылық тарапынан қатал сынға ілікті. Бұдан соң "Жала мен нала" (1987), "Жыр жолбарыс" (1996), "Біздің заманның Аяз биі" (1997) кітаптары жарық көрді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zh-mabay-shashtay-ly-aytys-boldy-1002124](https://yvision.kz/kk/post/zh-mabay-shashtay-ly-aytys-boldy-1002124)