---
title: "«Жұлдызды дода» жобасының екінші маусымы"
description: "«Жұлдызды дода» жобасының екінші маусымын түсіру қалай өтіп жатыр? Камераның арғы жағынан тамашалап ..."
author: "Jansaya"
published: "2014-10-27T22:48:00+00:00"
modified: "2014-10-27T23:35:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-ldyzdy-doda-zhobasyny-ekinshi-mausymy-436168"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-ldyzdy-doda-zhobasyny-ekinshi-mausymy-436168/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жұлдызды дода» жобасының екінші маусымы

> «Жұлдызды дода» жобасының екінші маусымын түсіру қалай өтіп жатыр? Камераның арғы жағынан тамашалап ...

*«Жұлдызды дода» жобасының екінші маусымын түсіру қалай өтіп жатыр? Камераның арғы жағынан тамашалап көрейік.*

Хабар телеарнасында «Жұлдызды дода» жобасының екінші маусымы басталмақ.

Сайыс түрінде өтетін бағдарламада қатысушы әншілер әйгілі сахна саңлақтарын айнытпай көрсетуі және әнін айтуы керек.

Жобаның бірінші маусымы халқымыз сүйіп көретін хабарға айналды. Екінші маусым қандай өзгерістер әкелмек? Оның бәрін мен жобаның бірінші шығарылымының түсірілімінде көріп қайттым.

![«Жұлдызды дода» жобасының екінші маусымы](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/jMV22Lb8COBtPQwXWyDt24HYsUTSnp.jpg)

Біріншіден, жоба жүргізушілері енді Нұрлан Әлімжан мен Баян Есентаева болмақ. Олар өмірде де өте әзілқой, түсіруші топпен қалжындап жүріп, өз жұмысын 100%-ға орындап үлгерді.

Екіншіден, жобаға қатысушылар екі топқа: қыздар мен ұлдар болып бөлінген.

Ұлдар арасында** Алмас Кішкенбаев, Нұрлан Еспанов, Ерден Жақсыбеков, Серік Ибрагимов, Олжас Садықбек** тәрізді жұлдыздарымыз қатыспақ.

Ал әнші қыздар арасында **Айгүл Иманбаева, Индира Расылхан, Гүлнара Сильбаева, Айдана Меденова мен Ақбота Керімбекова** тәрізді жұлдыздар бар.

Жоба продюссері жүргізушілерге тұратын орындарын көрсетуде.

![«Жұлдызды дода» жобасының екінші маусымы](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/huaQx0R9F21JmWm25BHu8ZAE8vNvZ0.jpg)

Бағдарлама операторы камераны қайта-қайта аударып, әншілерді ән орындаған кезде айналып көрсетті.

![«Жұлдызды дода» жобасының екінші маусымы](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/Dt489kSLot3jfnNKZ0GswdmK8Rvyo4.jpg)

Көңілді көрермендер жұлдыздарды 6-8 метрлік қашықтықта тамашалап отырды.

![«Жұлдызды дода» жобасының екінші маусымы](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/C5vfm1WY2wdzCWyk5pNf1crimKrM5n.jpg)

![«Жұлдызды дода» жобасының екінші маусымы](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/H7CPURDHfTCMdSpN3VWI77r2CNzYuN.jpg)

Жоба қатысушысы Алмас Кішкенбаев. Кімнің образын сомдады деп ойлайсыз?

![«Жұлдызды дода» жобасының екінші маусымы](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/28zegHLDShZnULrM8VbGHmCqLO95LZ.jpg)

Кейбір орындаулардың барысында әртістерге қар мен жауын жауып тұрды.

![«Жұлдызды дода» жобасының екінші маусымы](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/Xie4SQs06GdqAEM3Z5S5WB78cJY633.jpg)

Бүкіл жұмыс барысы осы монитордың бетінде.

![«Жұлдызды дода» жобасының екінші маусымы](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/5xJzb9eSsGJs6d2CWw0vQaO9oeI2Hj.jpg)

Дыбыс режиссері Антонның жабдықтары студияның осы бұрышында орналасқан. Ол бүкіл түсірілім барысында қазақ эстрадасының әндеріне билеп тұрды.

«Мен жұмысымды қатты сүйемін, әйтпесе күні бойы жанымды бермес едім», - дейді ол.

![«Жұлдызды дода» жобасының екінші маусымы](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/0N2C941175O586n2JKjbUe43fi7fcZ.jpg)

Айтпақшы, бүкіл шығарылымды түсіру үшін жобаны жасаушы топ таңертеңнен түнгі сағат 12-ге дейін талмай жұмыс істеуде.

Жоба режиссері бәрін қадағалап тұр.

![«Жұлдызды дода» жобасының екінші маусымы](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/4Lw8ReFfLKxu93xLzz1YKIbN9V98iv.jpg)

Әрине, ол тек әртістер ғана емес, бүкіл жұмыс тобының еңбегі. Режиссер, продюсер, операторлар, дыбыс режиссері, түрлі көмекшілер мен басқа да адамдардың жан тәнімен беріліп істейтін еңбектері.

![«Жұлдызды дода» жобасының екінші маусымы](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/YU24zwkRJ6i311L5a7F04TYWTOH2m9.jpg)

![«Жұлдызды дода» жобасының екінші маусымы](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/RpcL8m7Zzu161N65SGTCcZhbI5C2SN.jpg)

«Жұлдызды дода» бағдарламасы **31 қазанда** жұма күні Хабар арнасында, қапы қалмаңыздар!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zh-ldyzdy-doda-zhobasyny-ekinshi-mausymy-436168](https://yvision.kz/kk/post/zh-ldyzdy-doda-zhobasyny-ekinshi-mausymy-436168)