---
title: "Жұлдызды Арбат 2016"
description: "5 маусым күні Павлодар қаласының жастары Гагарин атындағы саябақта «Жұлдызды Арбатта» бас қосты. Ж..."
author: "CRMI"
published: "2016-06-06T03:50:11+00:00"
modified: "2016-06-06T03:50:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-ldyzdy-arbat-2016-696439"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-ldyzdy-arbat-2016-696439/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жұлдызды Арбат 2016

> 5 маусым күні Павлодар қаласының жастары Гагарин атындағы саябақта «Жұлдызды Арбатта» бас қосты. Ж...

5 маусым күні Павлодар қаласының жастары Гагарин атындағы саябақта «Жұлдызды Арбатта» бас қосты. Жастар Арбаты – өнер түрлерінің кең шоғырын біріктіретін шығармашылықтың, таланттың, жастықтың жарқын мейрамы. Бұл қаламыздың мәдени өмірінің маңызды оқиғасы. Бұл жерде күш пен жігерге толы, өзінің шығармашылық бағытын танытатын талантты жастар жиналды.

![Жұлдызды Арбат 2016](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/G29m8P1XXM0254p5DO6snOcQ9ddC1C.jpg)

Гагарин саябағында өзінің керемет көрсетілімдерімен «Street Workout» экстремалды спорт түрлер Федерациясын, «Альтернатива» паркурщиктерін және өз сауыт-саймандарымен көздің жауын алатын «Северная башня» серілерінің ұрысын тамашалап, әдемі концерттің куәсі болдық.

![Жұлдызды Арбат 2016](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/wkfVhjZpOfqyVZUG863uM29FtI6oC5.jpg)

Алдағы уақытта маусым айынан тамыз айына дейін Павлодар облысы бойынша «Арбат 2016» жастар шығармашылық көрмесі ұйымдастырылады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zh-ldyzdy-arbat-2016-696439](https://yvision.kz/kk/post/zh-ldyzdy-arbat-2016-696439)