---
title: "Жүкті әйелдер қалай тамақтану керек?"
description: "«Таңшолпанның» пайдалы кеңесін тыңдаңыз! Жүкті әйел өзінің ғана емес, бала денсаулығы үшін де жауап..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-12-07T11:22:32+00:00"
modified: "2015-12-07T11:22:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-kti-yelder-alay-tama-tanu-kerek-666162"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-kti-yelder-alay-tama-tanu-kerek-666162/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жүкті әйелдер қалай тамақтану керек?

> «Таңшолпанның» пайдалы кеңесін тыңдаңыз! Жүкті әйел өзінің ғана емес, бала денсаулығы үшін де жауап...

«Таңшолпанның» пайдалы кеңесін тыңдаңыз!

![Жүкті әйелдер қалай тамақтану керек?](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/tozbe7C68r1xold559Oh1etUD695Q8.png)

Жүкті әйел өзінің ғана емес, бала денсаулығы үшін де жауапты. Бұл ретте келіншектерге тамақтанудың маңызы зор. Ол үшін қандай ас ішіп, қалай тамақтану керек?

[«Таңшолпан»](http://tankaz.kz/) ұсынған бірер маңызды кеңеске құлақ түріңіз:
- Жемістердің пайдасы айтпаса да белгілі. Жеміс-жидектердің дені тоқ ішекті қатерлі ісіктен қорғап, дене салмағын реттейді. Әсіресе, алма тіс, өкпе дертінің алдын алады. Кез келген жемістің құрамы жасушаға бай болғандықтан, жүкті әйелдерге оң септігін тигізеді.

- Дәрігерлердің айтуынша, болашақ аналарға тары, жүгері және сұлы жармасының пайдасы зор. Олардың құрамында темір, көмірсу, дәрумендер мен минералдар бар.

- Жүктіліктің жиырмасыншы аптасында нәрестенің сүйектері дами бастайды. Сондықтан, сүт өнімдерін мәзірден түсірмеген дұрыс.

- Ас тұзының мөлшерін жүктіліктің бірінші жартысында 10 грамға дейін және екінші жартысында 6-8 грамға дейін шектеу керек. Ол денені ісіктен қорғайды.

- Жүкті келіншектер шұжық, түрлі консервантты өнімдерден бас тартуы қажет. Оның пайдасынан зияны көп.

- Керісінше, ақуыз бен темірге бай тауық еті мен жылқы етін жиі тұтынған жөн, дейді мамандар.

- Сондай-ақ, аяғы ауыр әйелдер көп мөлшерде су ішуі тиіс. Суды шектеудің қажеті жоқ. Тәулігіне 2 литр су пайдаланған артық емес.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zh-kti-yelder-alay-tama-tanu-kerek-666162](https://yvision.kz/kk/post/zh-kti-yelder-alay-tama-tanu-kerek-666162)