---
title: "Ү.ж. 25 сәуір күні Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығымен бірлесіп «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты Халықаралық конференциясын өткізді."
description: "Конференцияға отандық және шетелдік діни бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясы аймақтық Хатшы..."
author: "DinGovKz"
published: "2013-04-25T05:47:45+00:00"
modified: "2013-04-25T05:47:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-25-s-uir-k-ni-astanada-y-l-n-gumilev-atynda-y-euraziya-ltty-universitetinde-aza-stan-respublikasy-349775"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-25-s-uir-k-ni-astanada-y-l-n-gumilev-atynda-y-euraziya-ltty-universitetinde-aza-stan-respublikasy-349775/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ү.ж. 25 сәуір күні Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығымен бірлесіп «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты Халықаралық конференциясын өткізді.

> Конференцияға отандық және шетелдік діни бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясы аймақтық Хатшы...

Конференцияға отандық және шетелдік діни бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясы аймақтық Хатшылықтарының жетекшілері, дипломатиялық корпус, мемлекеттік органдар, ғылыми орта, этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Пленарлық отырыста Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан Маямеров, Қазақстан Орыс православ шіркеуінің Астана және Алматы епархиясының протоиерейі Евгений Бобылев, Астана қаласындағы Әулие Мария Рим-католик архиепархиясының атқарушы кеңесшісі Евгений Джигарь, Қазақстан Республикасындағы Евангелие-лютеран шіркеуінің епископы Юрий Новгородов, сондай-ақ, Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы, Ресейдің еуропалық бөлігі мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Ғайнутдин, Түрік Республикасы Дін істері басқармасы төрағасының орынбасары Мехмет Емин Озафшар, Моңғолия мүфтилер кеңесі төрағасының орынбасары Дәулетбек Хұрманханұлы, Ресейдің азиялық бөлігі мұсылмандары діни басқармасы Сібір федералды округының мүфтиі, Омбы облысы қазақ аймақтық ұлттық-мәдени автономиясының президенті Анарбек Жүнісов, т.б. баяндама жасады.

ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф өз баяндамасында: «Біздің еліміз тәуелсіздіктің 20 жылдан астам уақыты ішінде көптеген түрлі қауіп пен қатерлерге кезікті, алайда өзінің бірегей қазақстандық жолымен жүре отырып, олардың бәрін жеңе білді. Бұқара халық, діни бірлестіктер, этникалық топтар, ғылыми және шығармашылық қауымдар өкілдері ақпараттық және түсіндірме жұмысына, рухани мұра мен ұлттық мәдениетті насихаттауға, рухани құндылықтарды радикалды діни ағымдардан қорғауға бұдан да белсенді атсалысуы тиіс», – деп атап өтті.

Сонымен бірге, Қайрат Лама Шариф қоғамның рухани қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, дінді деструктивті және экстремистік мақсаттарға пайдалануды болдырмау мәселелеріне назар аударды.

Жалпы алғанда, конференция барысында мемлекеттің бейбітшілікті, тұрақтылықты, мемлекеттік-конфессионалдық қатынастарды одан әрі үйлестіруге бағытталған саясатының қағидалары, сондай-ақ конфессияаралық келісім мен өзара сыйластықтың толеранттылық жағдайын сақтау мен одан әрі нығайту мәселелері қозғалып, талқыланды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zh-25-s-uir-k-ni-astanada-y-l-n-gumilev-atynda-y-euraziya-ltty-universitetinde-aza-stan-respublikasy-349775](https://yvision.kz/kk/post/zh-25-s-uir-k-ni-astanada-y-l-n-gumilev-atynda-y-euraziya-ltty-universitetinde-aza-stan-respublikasy-349775)