---
title: "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!"
description: "Кездесуде облыстық мəслихат депутаттығына кандидат Салтанат Досмағамбетова «Nur Otan» партиясының 20..."
author: "bayanaul.nurotan.kz"
published: "2021-01-04T11:51:31+00:00"
modified: "2021-01-04T13:41:15+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zgerister-zholy-r-azamat-a-layy-ty-mir-906066"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zgerister-zholy-r-azamat-a-layy-ty-mir-906066/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!

> Кездесуде облыстық мəслихат депутаттығына кандидат Салтанат Досмағамбетова «Nur Otan» партиясының 20...

Кездесуде облыстық мəслихат депутаттығына кандидат Салтанат Досмағамбетова «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейін арналған сайлауалды бағдарламасының 7 басымдығымен таныстырды:

«Nur Otan» партиясы «Өзгерістер жолы: Əр азаматқа лайықты өмір!» ұранын жалау етіп, еліміздің даму бағытын айқындады. Партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша, еліміздің дамуын қамтамасыз ететін барлық саланың жұмысын жандандыруға нақты басымдық берілген.

«Nur Otan» партиясының ұстанымына сəйкес,денсаулық сақтау саласының жұмысын реттеп, медицина сапасын арттырамыз,білім саласындағы эксперименттерді тоқтатып, білімге деген құштарлықты арттырамыз. Жастардың дамуына жағдай жасаймыз,жастардың болашаққа деген сенімін арттырамыз.Әйелдердің жан-жақты дамуына жағдай жасап, ерекше қажеттілігі бар жандарға жағдай жасаймыз,бəріміз бірігіп жемқорлықтың тамырына балта шабамыз. Мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттырып, мемлекеттің есеп беруін қамтамасыз етеміз.Заң үстемдігін, əділдік пен аза- маттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Қоғамдық келісім мен бірлікті сақтап, ұлттың дамуын қамтамасыз етеміз. Табиғатымызды қорғап, сақтаймыз, қолайлы экономикалық орта құрамыз. Шағын жəне орта бизнесті қолдаймыз, жұмыспен қамтуды ұлғайтып, табысты арттырамыз. Қалаларда жайлы жағдай жасаймыз. Ауыл шаруашылығын түлетеміз – ауылдың əл-ауқатын арттырамыз.

Осы басымдықтардың барлығы ел дамуының көрсеткіші болмақ. Алға қойылған əр міндет пен мақсатты нақты жүзеге асыру арқылы, біз өзіміздің болашағымызды қалыптастырып, кемел келешекке жол саламыз.

Сайлауалды бағдарламада білім беру саласына ерекше мəн берілген. Барлық мектепте білім беру жағдайын жақсарту – негізгі міндет. Осы бағытта əр мектепті пəндік кабинеттермен жабдықтау, мұғалім тапшылығын жою, жаңа мектептер салу жоспарлануда. Сонымен бірге, барлық балаға білім алуда тең мүмкіндіктер жасалмақ. Ол үшін балаларға арналған тегін секциялар мен үйірмелер ашу, инклюзивті білім берудің мүмкіндіктерін кеңейту, ауыл жəне қала мектептерінің арасындағы алшақтықты қысқарту міндет! Қазіргі қоғамда ұстаздардың құрметтелуі мен лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету маңызды. Олардың еңбекақысын екі есе өсіру қажет. Мұғалімдердің мəртебесін көтеріп, жайлы өмір сүруіне жағдай жасау керек».

Ал, аудандық мəслихат депутаттығына кандидат,

Баянауыл бөбектер бақшасы директорының орынбасары Сандуғаш Абжанова балабақша қызметіндегі негізгі мəселелерді шешуге күш жұмсайтынын айтты:

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында ұрпақ тəрбиесіне ерекше көңіл бөлінген. Бұл бағытта балабақшалардың атқарар жұмысы ұшан-теңіз.

Мен білім саласында қызмет атқаратын болғандықтан осы салаға барынша көңіл бөлгім келеді. Балабақша – білім саласының ең алғашқы сатысы. Балалардың өмірін қорғауға, денсаулығын сақтап, жақсы тəрбие беру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтып, жаңа технологияларды енгізу барысында тиісті кабинеттер ашуға ықпал жасағым келеді. Балабақшаларда жеке пəндер бойынша кабинеттер болғанымен толық жабдықталмаған, жеке пəндер каби- неттерін толығымен жабдықтауға ықпал жасаймын. Балалардың рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру барысында білім ұйымдарында Рухани жаңғыру кабинетін ашуға атсалысамын.

Баянауыл ауданы бойынша бізде жеті балабақша жұмыс істейді. Осы балабақша ғимараттарының ішінде күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін балабақшалар бар. Олардың қатарында Баянауыл ауылында орналасқан «Айгөлек» балабақшасының жағдайын назарда ұстаған жөн. Бұл ғимарат 1964 жылы салынған, 2014 жылы ішіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген, енді сол ғимараттың шатырын ауыстыруға жəне ғимараттың сыртына өңдеу-жаңарту жұмыстарын жасауға ықпал жасаймын. Сондай-ақ Майқайың кентінде орналасқан «Ұшқын» жəне Үшқұлын ауылындағы балабақша ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін еңбектенемін. Аудан бойынша инклюзивті білім беру жүйесін дамытуға ықпал жасаймын. Мүмкіндігі шектеулі балалардың күнделікті өмірде жағдайын жақсартып, қандай да болсын проблемаларын шешу мəселелерін көздеп отырмын жəне оларды тəрбиелік мəні зор ұлттық салт-дəстүрімізді, қолөнерімізді үйрететін орталықтардың тегін колжетімділігін арттыруға көмектесемін. Педагогтар мəртебесі туралы заң талаптарының орындалуын қадағалаймын.

Жалпы білім беру саласында осы уақытқа дейін көп жұмыстар атқарылды, атқарылып жатыр. Сондай-ақ, аудандық «Nur Otan» партиясының 5 жыл- дық бағдарламасында білім саласына қатысты ауқымды жұмыстар жоспарлануда, осы жұмыстардың орындалуына септігімді тигіземін деген ойдамын».

«Nur Otan» партиясы Баянауыл аудандық филиалы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сайлау-2021

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zgerister-zholy-r-azamat-a-layy-ty-mir-906066](https://yvision.kz/kk/post/zgerister-zholy-r-azamat-a-layy-ty-mir-906066)