---
title: "«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК, «Қазпошта» АҚ және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды"
description: "Бүгін «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК, «Қазпошта» АҚ және «Халыққа қызмет көрсе..."
author: "MTSZN_RK"
published: "2015-03-13T00:34:37+00:00"
modified: "2015-03-13T00:34:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zeyneta-y-t-leu-zh-nindegi-memlekettik-ortaly-rm-k-azposhta-a-zh-ne-haly-a-yzmet-k-rsetu-ortaly-y-rm-481780"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zeyneta-y-t-leu-zh-nindegi-memlekettik-ortaly-rm-k-azposhta-a-zh-ne-haly-a-yzmet-k-rsetu-ortaly-y-rm-481780/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК, «Қазпошта» АҚ және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

> Бүгін «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК, «Қазпошта» АҚ және «Халыққа қызмет көрсе...

Бүгін «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК, «Қазпошта» АҚ және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Аталған меморандум ҚР Парламенті қабылдаған «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыруға бағытталған.

Заңға сәйкес аудан орталықтарынан алыста тұратын азаматтар үшін «Қазпошта» АҚ мен мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандары жәрдемақылар тағайындауға құжаттар қабылдау ұйымдастырады.

Азаматтарға қызметтер көрсету (құжаттарды қабылдау және есеп-шот ашу) олар тұратын жерлерге барып көрсетіліп, жайлылық пен оңайлатылған тәртіпті қамтамасыз етіп, мемлекеттік қызметтерді алуға кететін шығын мен уақытты үнемейді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова аталған меморандум алыс елді мекен тұрғындары үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыратынын атап көрсетті. «Бұл меморандум денсаулық сақтау жүйесінде және әлеуметтік-еңбек саласында ұсынылатын қызметтер сапасын арттыру бағытында тағы бір қадам болады»,-деді вице-министр.

Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» және «Өрлеу» пилоттық жобасын іске асыру тетіктері туралы халықты ақпараттандыру мақсатында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармалары, жұмыспен қамту бөлімдері, ҚР ДСӘДМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің өңірлік департаменттері және жұмыспен қамту орталықтары қызметкерлерінен тұратын арнаулы мобильді топтар құрылғаны айтылды. Мобильді топтар 2015 жылғы 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында жұмыс істейді. Мобильді топтардың жұмысы барысында «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» және «Өрлеу» жобаларына қатысуға ниетті адамдар анықталады.

Мобильді топтардың мүшелері азаматтармен кәсіби бағыттау жұмыстарын жүргізіп, әкімдіктермен бірлесе отырып, жұмыспен және шағын несиелермен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін қарастырады. Әрі қарай жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері жергілікті жерлерде азаматтарды жұмыспен қамтуға көмектеседі.

Меморандумға қол қою рәсіміне «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК Біржан Жүнісов, «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Бас директоры Әсемгүл Балташева қатысты.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 1 млн. 191 мың адам немесе ел халқының 15,4% Халыққа қызмет көрсету орталығы және Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшелері жоқ ауылдық елді мекендерде тұрады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zeyneta-y-t-leu-zh-nindegi-memlekettik-ortaly-rm-k-azposhta-a-zh-ne-haly-a-yzmet-k-rsetu-ortaly-y-rm-481780](https://yvision.kz/kk/post/zeyneta-y-t-leu-zh-nindegi-memlekettik-ortaly-rm-k-azposhta-a-zh-ne-haly-a-yzmet-k-rsetu-ortaly-y-rm-481780)