---
title: "Өзекті тақырыпқа қатысты өткізілген әңгімелесу"
description: "Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралы..."
author: "sko_sud"
published: "2015-02-05T11:39:16+00:00"
modified: "2015-02-05T11:39:16+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zekti-ta-yryp-a-atysty-tkizilgen-gimelesu-467907"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zekti-ta-yryp-a-atysty-tkizilgen-gimelesu-467907/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өзекті тақырыпқа қатысты өткізілген әңгімелесу

> Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралы...

![Өзекті тақырыпқа қатысты өткізілген әңгімелесу](https://storage.yvision.kz/images/user/sko_sud/p60zX4WO9Maq9BUb8YG7VM4jf72Tpm.jpg)

Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Н.М.Жәнібекова Қазақстан-Петропавл телеарнасының «Из первых уст» бағдарламасында сөз сөйледі. Әңгімелесудің тақырыбы – балалар қылмысы болды.

Әңгімелесу барысында балалар қылмысының пайда болу себептері қарастырылды және оны шешудің кейбір жолдары талқыланды.

Несібелді Марданқызы жасөспірімдердің проблемаларына немқұрайды қарамау керек, барлығымыз бірлесіп, қылмыстардың алдын-алу үшін, қажетті жұмыстар жүргізу қажет екенін айтып өтті. Жасөспірімдер жасаған қылмыстарды алдын-алумен айналысатын барлық органдардың бірізді іс-әрекеттері қажет.

Сондай-ақ, Н.М.Жәнібекова 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы кәмелетке толмағандарға қатысты қаралған қылмыстық істердің саны азайғанын айтты.

Балаларды асырап алу мәселесі қозғалды. Соңғы жылдары қазақстандықтардың көп бөлігі балаларды асырап алу ықыласын білдірді.

- Бұл факті, әрине қуантатын жағдай, өйткені мемлекет балаларға қанша қамқорлық көрсетсе де, оларға отбасы және ана махаббаты қажет, - деп Несібелді Марданқызы сөз сөйледі.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zekti-ta-yryp-a-atysty-tkizilgen-gimelesu-467907](https://yvision.kz/kk/post/zekti-ta-yryp-a-atysty-tkizilgen-gimelesu-467907)