---
title: "«Үздік жастар ресурстық орталығы-2016» байқауының жеңімпазы анықталды"
description: "Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту ортал..."
author: "CRMI"
published: "2016-12-23T03:57:06+00:00"
modified: "2016-12-23T06:24:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zdik-zhastar-resursty-ortaly-y-2016-bay-auyny-zhe-impazy-any-taldy-740743"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zdik-zhastar-resursty-ortaly-y-2016-bay-auyny-zhe-impazy-any-taldy-740743/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Үздік жастар ресурстық орталығы-2016» байқауының жеңімпазы анықталды

> Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту ортал...

Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі бүгінгі күні Павлодар облысының қалалары мен аудандарындағы жастар орталықтарының жыл бойы жасаған жұмыстарын қортындылап, үздіктерді марапаттады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/QULjbRhr0fjSAxL876CsUwyBXal0h5.jpg)

Жоғары нәтиженің артында үлкен команданың жұмысы тұратыны анық. Сол себепті Павлодар облысы Жастар бастамаларын дамыту орталығы «Үздік жастар ресурыстық орталығы-2016» байқауын ұйымдастырды. Облыстағы қалалар мен аудандардағы жастардың ұйытқысы болған орталықтар білек сыбана кірісіп,жыл бойы бірталай жетістіктерді көрсетіп жатты.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/1F0LKixul918MDGZi5SK1MKdWF28w7.jpg)

Өткізілген мерекелік іс-шара, шығармашылық есеп, бюджеттік есеп, шапшандылық, сауаттылық осылардың бәрі байқау шарттарына енді. Жастар бастамаларын дамыту орталығың бөлім жетекшісі Орақпаева Зарина Өмірзаққызы және бөлім қызметкерлері аталған орталықтармен тікелей жұмыс жасап, байқаудың әділ өтуін қадағалады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/0387Bu8GSnK1GKRh21c8Z3005XkgRh.jpg)

Байқау қортындысына тоқталсақ, Павлодар облысы Жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Садықова Айгүл Абылайханқызы орталық инспекторларына Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, елеулі еңбектеріне алғыс хаттар табыстады. Ал,басты марапат «Үздік жастар ресурыстық орталығы-2016» байқауының жүлдегерлері Ақтоғай, Май, Қашыр, Железин, Щарбақты, Ертіс, Баянауыл аудандары және Екібастұз қаласының жастар орталықтары жүлдегерлері атанды. Орталық атынан дипломдар мен түрлі түсті принтерлер табысталды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/txRpuRo4JUf8YQxMy2Le5k2fLoknC0.jpg)

Байқаудың І орны Ақсу қаласының Жастар ресурстық орталығына бұйырды. «Үздік жастар ресурстық орталығы-2016» байқауының жеңімпазы Садвақасова Жанар басшылық еткен Лебяжі ауданының «Жалын» жастар орталығы бас жүлдені иеленді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zdik-zhastar-resursty-ortaly-y-2016-bay-auyny-zhe-impazy-any-taldy-740743](https://yvision.kz/kk/post/zdik-zhastar-resursty-ortaly-y-2016-bay-auyny-zhe-impazy-any-taldy-740743)