---
title: "«Үздік мемлекеттік қызметші — 2017» байқауы өткізілуде"
description: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-06-18T22:00:50+00:00"
modified: "2017-06-18T22:00:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zdik-memlekettik-yzmetshi-2017-bay-auy-tkizilude-770463"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zdik-memlekettik-yzmetshi-2017-bay-auy-tkizilude-770463/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Үздік мемлекеттік қызметші — 2017» байқауы өткізілуде

> Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін...

![«Үздік мемлекеттік қызметші — 2017» байқауы өткізілуде](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/f7iWCs06cP9Y6D50ae0c1s8K6NcoX4.jpg)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті **а.ж. 20 маусымы сағ. 10:00-де Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театрында** Ақмола облыстық **«Үздік мемлекеттік қызметші - 2017»** кәсіби шеберлік байқауын өткізуде.

12 маусымға дейін Департамент байқауға қатысушылардың өтінімдері мен жеке және кәсіби сапаларын көрсететін бейнероликтерді қабылдады. Өтінімдерді қарау барысында ақтық сынға 10 мемлекеттік қызметші өтті, соның ішінде 6 қызметші жергілікті атқарушы органдардан, 4 – орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінен.

Байқаудың соңғы кезеңіне өткен мемлекеттік қызметшілер:
- Газдиева Белла Асланбековна – Целиноград ауданының Родина ауылдық округының әкімі;
- Бейсембаева Әсем Нұртайқызы – Еңбекшілдер ауданы әкімі аппаратының құжаттама бөілімінің бас маманы;
- Бейсембаева Айнұр Сағидоллақызы - Еңбекшілдер ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы;
- Камалова Динара Маратқызы – Астрахан ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөілімінің бас маманы;
- Еслямбек Берік Баянбайұлы – Сандыктау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау бөлімінің бас маманы;
- Ұзақбаев Азамат Серікұлы – Көкшетау қалалық сотының канцеляриясы сот отырысының бас маман-хатшысы;
- Рахметова Жанар Қуанышбекқызы – Көкшетау қаласы ІІБ мемлекеттік тіл және ақпарат тобының жетекші маманы;
- Дәулетбек Әділбек Жарқынұлы – Ақмола облысы қоғамдық денсаулық қорғау департаментінің техникалық регламенттерді сақтауды бақылау бөлімінің бас маманы;
- Омарова Нұрлыгүл Маратқызы - «Көкшетау қаласындағы „Солтүстікқазжерқойнауы“ Солтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас маманы;
- Токеев Есбол Еркінұлы – Ақмола облысы білім басқармасының техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі білім бөілімінің бас маманы.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zdik-memlekettik-yzmetshi-2017-bay-auy-tkizilude-770463](https://yvision.kz/kk/post/zdik-memlekettik-yzmetshi-2017-bay-auy-tkizilude-770463)