---
title: "\"Үздік Әдеп жөніндегі Уәкіл\" республикалық конкурсының өңірлік деңгейдегі 1-кезеңі өткізілді"
description: "▪️Бүгін 2021 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы о..."
author: "aza1130230"
published: "2021-05-29T07:53:01+00:00"
modified: "2021-05-29T07:53:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zdik-dep-zh-nindegi-u-kil-respublikaly-konkursyny-irlik-de-geydegi-1-keze-i-tkizildi-937097"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zdik-dep-zh-nindegi-u-kil-respublikaly-konkursyny-irlik-de-geydegi-1-keze-i-tkizildi-937097/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# "Үздік Әдеп жөніндегі Уәкіл" республикалық конкурсының өңірлік деңгейдегі 1-кезеңі өткізілді

> ▪️Бүгін 2021 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы о...

▪️Бүгін 2021 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) Алматы облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында "Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл" республикалық конкурсының өңірлік деңгейдегі 1 кезеңін өткізді.

▪️Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 10-20 мамыр аралығында Департамент тарапынан өтініштер қабылданды. Облыстың жергілікті атқарушы органдарында барлығы 21 Әдеп жөніндегі Уәкілі бар, оның ішінде өңірлік іріктеуге 11 адам қатысты.

▪️Үздік Әдеп жөніндегі Уәкілді анықтау үшін мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, тәуелсіз сарапшылары өкілдерінің 5 мүшесінен тұратын өңірлік комиссия құрылды.

Өңірлік комиссия Ғ. Тұрсынбай мырзаның кандидатурасын бірауыздан қолдап, оны Нұр-Сұлтан қаласында өткізілетін республикалық іріктеуде облыс атынан қатысуға ұсыныс жасады.

▪️Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті республикалық конкурстың 2-кезеңінде Ғ. Тұрсынбай мырзаға сәттілік пен жеңіс тілейді!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zdik-dep-zh-nindegi-u-kil-respublikaly-konkursyny-irlik-de-geydegi-1-keze-i-tkizildi-937097](https://yvision.kz/kk/post/zdik-dep-zh-nindegi-u-kil-respublikaly-konkursyny-irlik-de-geydegi-1-keze-i-tkizildi-937097)