---
title: "Өзбектер қазақтарға шапан жапты"
description: "Қысқа да нұсқа ақпарат! Шымкент қаласының іргесінде орналасқан өзбек ағайындар көп шоғырланған Сайра..."
author: "BerikSultan"
published: "2016-02-05T04:56:45+00:00"
modified: "2016-02-05T05:03:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zbekter-aza-tar-a-shapan-zhapty-676903"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zbekter-aza-tar-a-shapan-zhapty-676903/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өзбектер қазақтарға шапан жапты

> Қысқа да нұсқа ақпарат! Шымкент қаласының іргесінде орналасқан өзбек ағайындар көп шоғырланған Сайра...

Қысқа да нұсқа ақпарат! Шымкент қаласының іргесінде орналасқан **өзбек ағайындар** көп шоғырланған **Сайрам ауылында** бүгін берекелі кеш өтті. Оңтүстіктің белгілі айтыскер ақыны **Біржан Байтуов пен Нұрлан Есенқұлдың** айтысы жиылған жұрттың көңілін көтеріп, ерекше әсер сыйлады. Ақындар елдікті, ұлтаралық татулықты айтып, жырларымен "бірлік жібін" байлап, ұлттық өнерімізге өзбек ағайындарды тамсантты. **Сайрам тұрғындары,** мешіт имамдары ақындардың сөзіне риза болғаны соншалық құрметтеп **қос ақынға шапан жауып,** ақсақалдары батасын беріп алғысын айтты. Бұл ұлттық өнеріміздің беделі мен берекесінің дәлелі.

![Өзбектер қазақтарға шапан жапты](https://storage.yvision.kz/images/user/beriksultan/On4dzNuQJAP2c2B9AcR1N62SGk8T8y.jpg)

![Өзбектер қазақтарға шапан жапты](https://storage.yvision.kz/images/user/beriksultan/fRCA3SW06JtVSKJFRmtkG8gs87jZVR.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zbekter-aza-tar-a-shapan-zhapty-676903](https://yvision.kz/kk/post/zbekter-aza-tar-a-shapan-zhapty-676903)