---
title: "Өзбекстанда әйелдердің көлік айдауына тыйым салынған..."
description: "Фото: profi196.ru Жаңбыр құйып тұрған соң, амал жоқ, такси шақырдым. 1 минутта келеді деген такси 10 минуттан соң келді. Үлгерермін деп үндемедім. Құйғытып олай жүрді, бұлай жүрді, Шумахер санай ма өзін, ұқпадым, аварияға өзі тіленіп жүргендей...."
author: "jan.123"
published: "2024-05-27T10:41:58+00:00"
modified: "2024-05-27T10:44:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zbekstanda-yelderdi-k-lik-aydauyna-tyyym-salyn-an-ba-1005021"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zbekstanda-yelderdi-k-lik-aydauyna-tyyym-salyn-an-ba-1005021/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өзбекстанда әйелдердің көлік айдауына тыйым салынған...

> Фото: profi196.ru Жаңбыр құйып тұрған соң, амал жоқ, такси шақырдым. 1 минутта келеді деген такси 10 минуттан соң келді. Үлгерермін деп үндемедім. Құйғытып олай жүрді, бұлай жүрді, Шумахер санай ма өзін, ұқпадым, аварияға өзі тіленіп жүргендей....

## *немесе таксидегі қызық оқиға*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/cc26bb5bafd8110325bb609b09ff82.jpg)

Фото: profi196.ru

Жаңбыр құйып тұрған соң, амал жоқ, такси шақырдым. 1 минутта келеді деген такси 10 минуттан соң келді. Үлгерермін деп үндемедім. Құйғытып олай жүрді, бұлай жүрді, Шумахер санай ма өзін, ұқпадым, аварияға өзі тіленіп жүргендей.

Үндемедім. Бір кезде:

- Ә, бәсе, қатын екен ғой, үйінде отырмай ма тамағын істеп, байы бағады ғой! - деп қойып қалды. Бұл жолы шыдамадым да:

- Күйеуі жоқ шығар? - дедім. Ары қарай "әйел затынан ала алмай жүрген өшіңіз бар ма?" деп жалғастырмақ болғам, оған жеткізбеді:

- Онда таксиге мінсін!

- Мынадай таксиге қалай мінеді, жолаушыны сыйламайды, жүрісі қауіпті, сосын жаңа ол емес, сіз ереже бұздыңыз, негізгі жолдағы көлікті өткізіп жіберуіңіз керек еді, - дедім салмақты үнмен, өзімше сабыр сақтап.

Ұялып қалды-ай, кәдімгідей Сосын бір кезде:

- Өзбекстан сияқты заң қабылдау керек! - деді. - Әйелдерге көлік айдауға тыйым салыпты ғой, бізде де тыйым салу керек!

- Оны кім айтты?

- Өзбекстаннан келген танысым.

Осы кезде гуглдан фактчек жасап үлгіргем.

- Аға, Өзбекстан ондай тыйым салмаған, тіпті бар ғой, жаңа жылдан бастап әйелдерге автобус пен жүк көлігін айдауға да рұқсат беріпті. Танысыңыз өтірік айтыпты.

- А-а, солай ма екен, а-а...

Ары қарай тып-тыныш жеткізіп салды...

[Халима Тәжіқұл](https://www.facebook.com/profile.php?id=100005010726342&__cft__[0]=AZWdNAB9BdEphXjYX2T3N7sJqqrDckXJ6zpMvAATzL5S0atbrO-flL3pxw-yrCnWt01eFDt-8L2sfXzu90A0-h6IXjZNYB0X4FbPhthtZPiuXSDqSnUZBgX_mQhk55dc-5op_4kcfcQqWnp5xvUEjQc5&__tn__=-UC%2CP-R)**дың жазбасы**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zbekstanda-yelderdi-k-lik-aydauyna-tyyym-salyn-an-ba-1005021](https://yvision.kz/kk/post/zbekstanda-yelderdi-k-lik-aydauyna-tyyym-salyn-an-ba-1005021)