---
title: "«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын жүргізудің өзекті мәселелері»"
description: "30 мамыр күні «Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ және ҚР ДІАҚМ ДІК «..."
author: "cipr2013"
published: "2018-06-05T03:07:41+00:00"
modified: "2018-06-05T03:07:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zayyrlyly-zh-ne-dintanu-negizderi-fakultativtik-kursyn-zh-rgizudi-zekti-m-seleleri-806469"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zayyrlyly-zh-ne-dintanu-negizderi-fakultativtik-kursyn-zh-rgizudi-zekti-m-seleleri-806469/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын жүргізудің өзекті мәселелері»

> 30 мамыр күні «Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ және ҚР ДІАҚМ ДІК «...

30 мамыр күні «Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ және ҚР ДІАҚМ ДІК «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» РММ бірлесіп Астана қаласы мектептерінің «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні мұғалімдеріне арналған «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын жүргізудің өзекті мәселелері» аттысеминар өткізілді.

Семинар барысында «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» РММдиректоры Айнұр Әбдірәсілқызы және дін саласындағы өзге де беделді тұлғалар дәріс оқып, дін саласындағы жаңа заң жобасын түсіндірумен қоса,«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын жүргізуде қандай мәселелерге басымдылық жасау қажеттігі, сондай-ақ пән мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралдың жобасына ұстаздар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылды. Аталған шара Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасының қолдауымен өтті.

Аталмыш іс-шараның өткізілуі – ұстаздардың діни қатынастар саласында тәжірибелерінің қалыптасуына, білім ордаларында дінтану бағытында жүйелі әрі сапалы білімнің берілуіне септігін тигізері сөзсіз.

#cipr

#ciprastana

КГУ "Центр исследования проблем религий акимата города Астаны"

Контакты: 8 7172 55 04 42

Телефон доверия: 2288

Web сайт: www.religii.kz

Instagram: cipr_astana

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zayyrlyly-zh-ne-dintanu-negizderi-fakultativtik-kursyn-zh-rgizudi-zekti-m-seleleri-806469](https://yvision.kz/kk/post/zayyrlyly-zh-ne-dintanu-negizderi-fakultativtik-kursyn-zh-rgizudi-zekti-m-seleleri-806469)