---
title: "Зарина Дияс Малайзия турнирінің ширек финалында жарыстың бірінші ракеткасымен кездеседі"
description: "Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Малайзияда өтіп жатқан WTA турнирінің ширек финалында жарыстың ..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-04-18T00:09:47+00:00"
modified: "2014-04-18T00:09:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zarina-diyas-malayziya-turnirini-shirek-finalynda-zharysty-birinshi-raketkasymen-kezdesedi-410192"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zarina-diyas-malayziya-turnirini-shirek-finalynda-zharysty-birinshi-raketkasymen-kezdesedi-410192/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Зарина Дияс Малайзия турнирінің ширек финалында жарыстың бірінші ракеткасымен кездеседі

> Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Малайзияда өтіп жатқан WTA турнирінің ширек финалында жарыстың ...

[!\[Зарина Дияс Малайзия турнирінің ширек финалында жарыстың бірінші ракеткасымен кездеседі\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/04/photo_39756-300x208.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/04/photo_39756.jpg)

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Малайзияда өтіп жатқан WTA турнирінің ширек финалында жарыстың бірінші ракеткасы словакиялық Доминика Цибулковамен ойнайды.

Екінші айналымда Цибулкова Тайвань спортшысы Си Сувэйді 6:1, 6:2 есебімен тізе бүктіріп, ширек финалға жолдама алды. Ал жерлесіміз З.Дияс болса, өз кезегінде итальяндық теннисші Джулия Гатто-Монтиконені 6:1, 6:4 есебімен жеңген болатын. 20 жастағы спортшымыз бірінші айналым матчында Грекияның 31 жастағы спортшысы Элени Данилидуді 6:2, 6:2 есебімен ойсырата ұтқандығын естеріңізге салайық. Айта кетейік, Куала-Лумпурда өтіп жатқан халықаралық доданың жалпы сыйақы қоры 250 мың АҚШ долларын құрайды.

Автор: [Жасұлан Жолдыбаев](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1224) [!\[Зарина Дияс Малайзия турнирінің ширек финалында жарыстың бірінші ракеткасымен кездеседі\](http://www.inform.kz/img/ico_twitter.png)](https://twitter.com/inform_zhas)

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zarina-diyas-malayziya-turnirini-shirek-finalynda-zharysty-birinshi-raketkasymen-kezdesedi-410192](https://yvision.kz/kk/post/zarina-diyas-malayziya-turnirini-shirek-finalynda-zharysty-birinshi-raketkasymen-kezdesedi-410192)