---
title: "Өзара іс-қимыл – тиімді қызмет негізі"
description: "2023 жылғы 14 қарашада Астанада белорус этномәдени бірлестіктерінің Беларусь Республикасының Қазақст..."
author: "MarkSeveryanin"
published: "2023-11-16T16:29:29+00:00"
modified: "2023-11-16T16:29:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zara-is-imyl-tiimdi-yzmet-negizi-997682"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zara-is-imyl-tiimdi-yzmet-negizi-997682/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өзара іс-қимыл – тиімді қызмет негізі

> 2023 жылғы 14 қарашада Астанада белорус этномәдени бірлестіктерінің Беларусь Республикасының Қазақст...

2023 жылғы 14 қарашада Астанада белорус этномәдени бірлестіктерінің Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Владимирович Утюпинмен бірлескен ынтымақтастық мәселелері бойынша жыл сайынғы кеңейтілген кездесуі өтті

![](https://storage.yvision.kz/images/user/441175/5bd035d964aa63033a8ab712aa5ce0.jpg)

Түрлі өңірлердегі этномәдени бірлестіктердің өзара іс-қимылы өзара байланысты нығайтуға, жұмыс тәжірибесімен алмасуға, бірлескен қызметті жоспарлауға бағытталған. Этностық дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, мәдениетті, тілді сақтау негізінде қазақстандық бірегейлікті нығайту бойынша ортақ мақсатпен бас қосқан белорус этномәдени орталықтары өңірлерде белорус мәдениетінің дамуына зор үлес қосуда. Кездесуге Астана және Алматы қалаларынан, сондай-ақ Павлодар, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарынан белорус этномәдени бірлестіктерінің төрағалары қатысты. Іс-шараға біздің облысымыздан «Радзіма» Солтүстік Қазақстан облыстық белорус мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Татаренко Мария Петровна қатысты.

Іс-шараның ресми бөлімі Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде өтті. Елшіліктің бірінші хатшысы Шелегова Екатерина Дмитриевна қонақтарға Беларусь Республикасынан жеткізілген «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы белорус халқының геноциді» уақытша экспозициясына экскурсия өткізді.

Елшіліктің конференц залында Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Утюпин Павел Владимирович кездесуге қатысушыларды қарсы алып, Қазақстан-Беларусь қатынастарының дамуы туралы презентациямен сөйледі. Өз сөзінде мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықпен қоса, экономика, құрылыс және т.б. салаларды да қамтыды.

Аймақтық белорус этномәдени бірлестіктерінің басшылары белорус мәдениетін сақтау мен насихаттау саласындағы тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, белорустардың республикалық қоғамдық бірлестігін ашу туралы құжаттар заңды тіркеу сатысында тұр, оған облыстық белорус этномәдени орталықтарының өкілдері де кірмек.

Кездесу қонақтардың «Hilton Garden Inn» қонақ үйінде ұйымдастырылған «Белорус тағамдары күндері» іс-шарасына қатысуымен жалғасты. Мерекелік іс-шараға басқа мемлекеттер елшіліктерінің, Астана қаласы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері де қатысты. Қатысушылар дәстүрлі белорус тағамдарымен, нағыз белорус рецептері бойынша дайындалған таңдаулы дәмді тағамдармен танысу мүмкінтігіне ие болды. Бұл картоптан жасалған вафлялар, саңырауқұлақтар қосылып, картоптан жасалған белорустық зразы, кулага, бигос және, әрине, дәстүрлі тағам – драник. Іс-шара шығармашылық нөмірлермен - белорус тіліндегі әндермен, өлеңдермен, халық билерімен сүйемелденді.

Кездесу әртүрлі өңірлердегі белорус этномәдени бірлестіктері арасында өзара іс-қимыл орнатуға, өзекті мәселелерді көтеруге, сондай-ақ алдағы жылға бірлескен қызметтің негізгі бағыттарын қалыптастыруға бойынша кезекті қадам болды.

Мария Татаренко,

«Радзіма» Солтүстік Қазақстан облыстық

белорус мәдени орталығы»

қоғамдық бірлестігінің төрайымы

![](https://storage.yvision.kz/images/user/441175/747c28b8a18dcc56d15a25aeaf3ee1.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zara-is-imyl-tiimdi-yzmet-negizi-997682](https://yvision.kz/kk/post/zara-is-imyl-tiimdi-yzmet-negizi-997682)