---
title: "ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ БОЙЫНША ЖЕДЕЛ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІЛУДЕ"
description: "Мемлекет Басшысы Жарлығымен бекітілген Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру үшін әзірленген Ұлттық даму жоспарында ..."
author: "journalist_n"
published: "2024-08-14T08:03:09+00:00"
modified: "2024-08-14T08:03:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zanbuzushylyktardy-zhoyu-boyynsha-zhedel-zhumys-zhurgizilude-1006852"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zanbuzushylyktardy-zhoyu-boyynsha-zhedel-zhumys-zhurgizilude-1006852/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ БОЙЫНША ЖЕДЕЛ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІЛУДЕ

> Мемлекет Басшысы Жарлығымен бекітілген Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру үшін әзірленген Ұлттық даму жоспарында ...

Мемлекет Басшысы Жарлығымен бекітілген Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру үшін әзірленген Ұлттық даму жоспарында дамудың жаңа моделінде мемлекеттік мүдделер азаматтың айналасында тоғысатындығы айқындалып, оны қалыптастыру игіліктер мен міндеттерді әділ бөлу, адами капиталды дамыту, мемлекеттің негізделген шешімдер қабылдауы және олар үшін қоғам алдындағы жауапкершілік секілді 7 негізгі қағидатқа негізделген.

Осы тұста, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша жыл басынан бастап 70-ге жуық арыз-шағымдар құзыреті шегінде қаралып, нәтижесінде 30-ға жуық азаматтардың құқықтары қалпына келтірілген.

Бұл туралы Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ерлан Ермаханбетов сұхбат барысында атап өтті. Ол өз сөзінде: «Департамент қызметінде заңдылық, ашықтық, азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы қағидаттарына негізделген. Азаматтардың арыз-шағымдарын мейілінше олардың сұраныстарына бағдарлана отырып жылдам қарауға жұмыс жасайды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдарға азаматтарды әуре-сарсаңға салуға, төрешілдіктерге жол беруден алдын-алу бойынша уәкілетті органдармен бірлесе іс-шаралар өткізіліп келеді», - деді.

Мәселен, Департаментпен азаматтың шағымын қараумен психоневрологиялық есепте тұратын әпкесінің мүгедектік тағайындау үшін құжаттар жинақтау барысында тиісті мекеме, емхананың тарапынан ұзақ уақыттар бойы әуре сарсаңға салынғандығы анықталып, жедел ден қою шараларымен азаматтың психоневрологиялық есепте тұратын әпкесіне мүгедектік тағайындалып, құқықтары қалпына келтірілген.

Сондай-ақ, азаматтың мемлекеттік органдағы бос лауазымына жарияланған конкурсқа біліктілік талаптарының білімі бойынша сәйкес келуіне қарамастан конкурсқа жіберілмеу фактісі тіркеліп, нәтижесінде азаматтың бұзылған құқығын қалыпқа келтіру бойынша тиісті шаралар қабылданған.

Бұдан бөлек, арыздарды қарау қорытындысымен Құрманғазы ауданының ауылдық округтері әкімдерінің тарапынан ресми мінез-құлықтың сақталмағандығы, өзі өкіл болып отырған мемлекеттік органға сын келтіргені және азаматтар мен әріптестеріне қарым-қатынаста әдептілік қағидаттарын сақтамағандығы расталып, олар тәртіптік жазаларға тартылған.

Сонымен қатар, мемлекеттік орган қызметшісінің негізсіз лауазымы төмендетілу фактісі бойынша шаралар атқарылып, қызметкердің өз лауазымына орналастырылып, құқығы қалпына келтірілген.

Айтылғандардан өзге тиісті мемлекеттік органмен бірқатар қатардағы қызметшілердің қызметін атқаруға қызметтік қажеттіліктермен қамтамасыз етілмегендігі анықталып, енгізілген ұсыныс нәтижесінде оларға тиісті қажеттіліктерінің заңнама шеңберінде беріліп, құжаттамаларының жасақталуына ықпал етілген.

Заңнамалық толықтырулар мен өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның ҚР Мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған концепциясы бекітілгенін атап өту қажет. Осы тұжырымдамада мемлекеттік қызметті кәсібилендіру тетіктерін көрсете отырып, сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделін қалыптастыру бағытында нақты жоспарлар айқындалған.

Ендігі уақытта Департаменттің алдында осы тұжырымда аясында да бірқатар шараларды атқару жұмыстары көзделген.

**ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің**

**Атырау облысы департаменті**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zanbuzushylyktardy-zhoyu-boyynsha-zhedel-zhumys-zhurgizilude-1006852](https://yvision.kz/kk/post/zanbuzushylyktardy-zhoyu-boyynsha-zhedel-zhumys-zhurgizilude-1006852)