---
title: "Заң және Тәртіп: Прокурор Айжан Аймағанова «Тәртіпті өзіңнен баста!» акциясын бастауға шақырды"
description: "Құрметті форумға қатысушылар!Қадірлі жиналған қауым!Ең алдымен, баршаңызды Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында..."
author: "journalist_n"
published: "2024-11-08T11:02:43+00:00"
modified: "2024-11-08T11:02:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zan-zhane-tartip-prokuror-ayzhan-aymaganova-tartipti-ozinnen-basta-akciyasyn-bastauga-shakyrdy-1008639"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zan-zhane-tartip-prokuror-ayzhan-aymaganova-tartipti-ozinnen-basta-akciyasyn-bastauga-shakyrdy-1008639/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Заң және Тәртіп: Прокурор Айжан Аймағанова «Тәртіпті өзіңнен баста!» акциясын бастауға шақырды

> Құрметті форумға қатысушылар!Қадірлі жиналған қауым!Ең алдымен, баршаңызды Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында...

**Құрметті форумға қатысушылар!**

**Қадірлі жиналған қауым!**

**Ең алдымен, баршаңызды Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің 10 жылдық мерейтойымен құттықтаймын**.

Осы 10 жыл ішінде Аналар кеңесі еліміздегібеделді қоғамдық институттардың бірінеайналды. Ұйымның өңірлерде өз көшбасшыларымен қолдаушылары қалыптасты. Бүгіндеолардың басын біріктіретін бір ғана мүдде бар. Ол – ұлттың саулығы мен тәрбиесі, ынтымағы мен бірлігі.

Сіздердің отбасы институтын сақтау мен нығайтуға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, жастарарасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуғаарналған бастамаларыңыздың маңызын ерекшеатап өткім келеді.

Аналар кеңесінің мүшелері әрқашанқоғамдағы өзекті мәселелерге үн қосып, оны шешуге белсене қатысуда. Оның ішіндеқұқықтық тәрбие беру мәселесі де бар.

Өздеріңізге мәлім, кейінгі кездері жастарарасындағы құқық бұзушылықтың көбеюібайқалады. Зорлық-зомбылық, вандализм, бұзақылық фактілері, балаларға қатыстықылмыстардың артуы алаңдатады.

Мен прокуратура қызметкері ретінде күнсайын осындай істердің куәсімін. Бұл бізгеморальдық-психологиялық тұрғыдан өте ауыр. Бір жағынан ана ретінде аяғын шалыс басқанжастардың болашағына уайымдаймыз, екіншіжағынан заңгер ретінде жаның ауырады. Қалайдесек те, заңды шешім шығарып, жастарды тура жолға салуға тырысамыз.

Бірақ, неге біздің балалар заң бұзады? Неге қатыгездік танытады? Осы ойлар көп мазалайды мені, осы ойлардан бір түйгенім, отбасында тәрбие құлдырап тұр. «Ел боламын десең бесігінді түзе» деп айтқан Мухтар Әуэзов. Ендеше, отбасына бет бұрайық.

Отбасының ұйытқысы – ана. Бүгінгі форумға жиналған барша аналарды қоғамда құқықтық мәдениетті насихаттауға белсенді ат салысуға шақырамын.

Осы орайда, Аналар кеңесі аясында «Тәртіпті өзіңнен баста!» қоғамдық акциясын бастауға шақырамын. Оның басты мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға үндеу, құқық бұзушылықтар мен тәртіпсіздіктің алдын алу, қоғамда заң мен тәртіп үстемдігін насихаттау.

Осы арқылы жастарды құқық бұзушылық кеселдерден аулақ болуға тәрбиелейміз.

«Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды», - деген даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы.

Сөз соңында заң мен тәртіпті басты құндылық ретінде ұстанып, мемлекетімізде әділеттілік пен тұрақтылықты биік қоюға әр азамат, әр отбасы өз үлесін қосуға міндетті екенін атап өткім келеді.

Назарларыңызға рахмет!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zan-zhane-tartip-prokuror-ayzhan-aymaganova-tartipti-ozinnen-basta-akciyasyn-bastauga-shakyrdy-1008639](https://yvision.kz/kk/post/zan-zhane-tartip-prokuror-ayzhan-aymaganova-tartipti-ozinnen-basta-akciyasyn-bastauga-shakyrdy-1008639)