---
title: "Заманауи қоғам жемқорлыққа қарсы"
description: "А.ж. 26 тамызда «Адал жол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Степногорск қ. «Орталық..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-08-31T06:42:11+00:00"
modified: "2017-08-31T06:42:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zamanaui-o-am-zhem-orly-a-arsy-777205"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zamanaui-o-am-zhem-orly-a-arsy-777205/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Заманауи қоғам жемқорлыққа қарсы

> А.ж. 26 тамызда «Адал жол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Степногорск қ. «Орталық...

![Заманауи қоғам жемқорлыққа қарсы](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/j8KHHwNt39be5iaeCLz70wnr2ST2t5.png)

А.ж. 26 тамызда «Адал жол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Степногорск қ. «Орталық қалалық кітапхана» ММ ғимаратында қала жастарының қатысуымен «Заманауи қоғам жемқорлыққа қарсы» атты диалогтық алаңы болып өтті.

Іс-шара мақсаты – жастарды «жемқорлық» түсінігімен таныстыру, жемқорлық көрініс түрлері мен салдары туралы айту. Жастар дүниетанымын кеңейту, өздерінің жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру, жемқорлық көріністеріне төтен беретін нақты сана сезім тәрбиелеу. Өз іс-әрекетіне жауапкершілікті, саналылық пен әлеуметтік белсенділікті тәрбиелеу.

Іс-шара барысында кітапханашы балаларға Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні туралы, ҚР заңнамасы және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде баяындады. «Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жүргізілді.

Іс-шараға барлығы 40 астам адам қатысты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zamanaui-o-am-zhem-orly-a-arsy-777205](https://yvision.kz/kk/post/zamanaui-o-am-zhem-orly-a-arsy-777205)