---
title: "Заманауи құлдықтың түрлері"
description: "Заманауи құлдықтың түрлері Адам күнделікті күйбең тіршілікпен жүре беріп, жасанды құлдықтың құрбаны..."
author: "inkut"
published: "2016-04-20T13:04:19+00:00"
modified: "2016-04-20T14:23:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zamanaui-ldy-ty-t-rleri-690020"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zamanaui-ldy-ty-t-rleri-690020/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Заманауи құлдықтың түрлері

> Заманауи құлдықтың түрлері Адам күнделікті күйбең тіршілікпен жүре беріп, жасанды құлдықтың құрбаны...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/inkut/5kmFR7Am6l95r2GSct3jOYT5nzOQs5.jpg)

**Заманауи құлдықтың түрлері**

Адам күнделікті күйбең тіршілікпен жүре беріп, жасанды құлдықтың құрбаны болып қалғанын аңғармай қалады. Орысша айтқанда, «как белка в колесе». Алдымыздағы туындаған мәселелерді көреміз де, ал жан-жағымызға күдікпен көп қарамаймыз. Жақында осы жайлы бір мақала оқыған едім. Расымен де таң қалдым. Сондықтан сіздермен бөлісуді жөн көрдім. Ендеше «5 заманауи құлдықтың түрлері»: **1. Несие картасы** Қалаған затыңды алуға қолың жетпесе, «ең төменгі төлемде» сатып ала аласың, дегенді ести салысымен, Әсет несие алуға жабысады. Ол несиені бірден жаба алмайды, себебі жалақысының 50%-ы қарыз өтеумен кетіп қалады. Ал алда әлі сатып алу керек дүние өте көп. Қызық факт: Әсет көптен бері өзінің бизнесін ашқысы келіп жүр. Араманын жүзеге асыру үшін жалақысынан жылына 30%-ын ұстап отыруға да қарсы емес. Бірақ олай жасай алмайды. Матрица мүмкіндік бермейді. **2. Көлік алу** Әсет көлікті жақсы көреді. Бұрында метромен жүретін, кейін жигули сатып алды, ал қазір несиеге алған «Лансерді» айдауда. Қарызын әр ай сайын төлеп тұрады, көлігіне 3 аптада бір рет толтырып жанармай құяды, әр мезгіл сайын дөңгелектерін ауыстырып тұрады, көлік тұрағы, кішкене ақауларға бола тағы да шығындалады. Дегенмен, Әсет еш өкінбейді. Егер де Әсет ескі көлігімен жүре бергенде қымбат қосалқы бөлшектерге артық ақша төлеп әуре болмас еді. Ал бұл жөнінде оған айтатын болсақ, бізге: «сенің есің дұрыс па?» дегендей бір қарап, күлер еді. **3. Ұсақ-түйекке ақша шашу** Әсеттің жалақысы өте жақсы. Алайда, қалтасында артық көк тиыны жоқ. Себебі қолына ақша тигенде есептелмей, жұмсалып кетеді. 1000 теңге жолына, 1500 теңге тамағы бар дегендей. Ақшаны табатынын табады, бірақ берекесі болмайды. Егер Әсет қолына дәптер алып, шығындарын есептесе: 1500 теңге ғана ғой деген түскі асы, айына 45.000 теңге, ал жылына 540.000 қып-қызыл шығын екенін аңғарар еді. Ал егер күніге таксимен емес, метромен қатынаса, екі айдың ішінде 3 жыл бойы армандаған ноутбугын сатып алуға мүмкіндігі бар. **4. Жарнама** Әсет Cola ішеді, Marlboro темекісін шегеді, Orbit шайнайды және Burger King-те тамақтанады. Бірақ ол жарнама маған еш әсерін тигізе алмайды деп көндіргісі келеді. Асқазанының жиі ауратыны және әмиянында ақшасының болмайтыныдығы өзінің қалауы деп сендіріп әлек. Ал, телеэкран алдындағы жарнама берушілер Әсеттің ақылды, өз таңдауын өзі жасайтын адам екенін айтып, келесі жолы жалақысын кімге барып беретінін де өзі шешеді деп насихаттау үстінде. **5. Той және туған күн** Әсет жақында үйленуді жоспарлап жүр. Ата-анасының ортақ жалақысы шамамен 200 мың теңге. Ал тойға жоқ дегенде 900 мың теңге керек. Қарапайым мейрамханада жақын адамдарының арасында атап өту - қазаққа жат дүние. Тамада, арақ-шарап, атақты жұлдыздар...Қып-қызыл шығын. Банктер осы тойдың арқасында-ақ байып жатқан шығар.

Сізге осылардың қайсысы таныс?

[#intellectincubator](http://vk.com/feed?section=search&q=%23intellectincubator) [#intinc002](http://vk.com/feed?section=search&q=%23intinc002)[#заманауи](http://vk.com/feed?section=search&q=%23%D0%B7%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D1%83%D0%B8) #құлдық [#inkut](http://vk.com/feed?section=search&q=%23inkut)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zamanaui-ldy-ty-t-rleri-690020](https://yvision.kz/kk/post/zamanaui-ldy-ty-t-rleri-690020)