---
title: "Заңсыз аңшылықпен күрес жөнінде"
description: "http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/100-9/ 18.11.2013 ж. Қарағанды облысы Нұра ауданы Нұра ауыл..."
author: "ecogovkz"
published: "2013-11-20T04:39:14+00:00"
modified: "2013-11-20T04:40:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/za-syz-a-shyly-pen-k-res-zh-ninde-385788"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/za-syz-a-shyly-pen-k-res-zh-ninde-385788/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Заңсыз аңшылықпен күрес жөнінде

> http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/100-9/ 18.11.2013 ж. Қарағанды облысы Нұра ауданы Нұра ауыл...

[http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/100-9/](http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/100-9/)

18.11.2013 ж. Қарағанды облысы Нұра ауданы Нұра ауылы маңында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК орталық аумақтық филиалының инспекторлары қорғау іс-шараларын жүргізу кезінде УАЗ автокөлігін тоқтатты.

Автокөліктің жүргізушісі Астана қаласының тұрғыны. Тексеру кезінде көліктің ішінен киіктің үш терісі мен жануарлардың 12 аяғы, іш-құрылыстары табылып,тәркіленді.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша материалдар Қарағанды облысы Нұрын АІІБ-ге тапсырылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/za-syz-a-shyly-pen-k-res-zh-ninde-385788](https://yvision.kz/kk/post/za-syz-a-shyly-pen-k-res-zh-ninde-385788)