---
title: "заңсыз"
description: "Құрметті патриоттық сезімі биік қазақ бауырлар. Бұл пост сіздерге арналады. Әңгіме жоқ, жарайсыздар..."
author: "amangalief"
published: "2019-06-11T06:59:01+00:00"
modified: "2019-06-11T10:33:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/za-syz-834261"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/za-syz-834261/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# заңсыз

> Құрметті патриоттық сезімі биік қазақ бауырлар. Бұл пост сіздерге арналады. Әңгіме жоқ, жарайсыздар...

Құрметті патриоттық сезімі биік қазақ бауырлар. Бұл пост сіздерге арналады. Әңгіме жоқ, жарайсыздар. Еліміздегі болып жатырған оқиғалардың барлығы сіздерді бей-жай қалдырмауда. Көп балалы аналардың қамын ойлап митингке шығып жатырсыздар. Бір-біріңізге бауырмал болып, жандарыңыз ашып жатады. Әлеуметтік желіде де белсенділіктеріңіз жоғары. Барлықтарыңыз, еліміздің патриоты ретінде, өз пікіріңізді айтып, оянып жатыр екенсіздер. Аллаға шүкір. Алайда, бұның бәрі бос тіршілік екенін білсеңіздерғой. Ел болам десең, бесігіңді түзе деген бар емес пе?! Неге осы мақалды әрбіріңіз толық түсініп алмадыңыздар. Патриоттық сезім сіз үшін не? Ол заңсыз, рұқсатсыз митингке шығу? Бәлкім саясатқа қарсы тұрып, аштық жариялау? Инстаграмда отырып алып, адамдардың жетіспеген, кемшілігін ашып көрсетіп, жамандау? Комментарийде боқтасып ұрысу? Осының барлығын сіз қазағымыздың патриот азаматы ретінде істеп жатырсыз ба? Бұл патриоттық сезім емес. Бұл - Деградация! Сананың төмендеуі. Ақылды ысырып қойып, ашуға бой алдырып, заңсыз митингке шығу және бір екі рет шығып, адамдарды ұстап жатырғанын көріп, қоя салуға да болады негізінде. Сіздің көршіңіз қайта-қайта келіп, мантовар иа болмаса күрек сұрап келе берсе, сіз бір күні болмаса басқа күні міндетті түрде айтасыз, көкем-ау бір күрек сатып алатын халің барғо. Неге меннен сұрай бересің? – деп, міндетті түрде айтасыз. Ал, егде жасқа келіп, немере бағатын шақта, жастарға қосылып митингке шығатын ата-әжелердікі мүлде орынсыз. Кеңес Үкіметі кезіндегідей, не ішем, не жеймін дейтін заман емес, барлығы бар. Зейнетақыларын уақытында алады. Баласы, немересі қасында, аман-сау бейбіт өмір кешіп, жатырғанына шүкіршілік етіп отыруға болады емес пе?! Ал, енді көп балалы аналардың бізде ішер тамақ жоқ, жататын жер жоқ деп аштық жариялап, ҮЙ СҰРАУЫ! Кешіріңіздер Аналар!!! Бірақ, Сіздер біздің елде тұратын миллиндаған адамдардан, соның ішінде аналардан қай жеріңіз артық болып, қандай қиыншылық көріп жатырсыздар? Тұрақты жұмысы бар, айлық алып, өз күнін көріп жүрген алайда, үйі жоқ, бірақ соған қарамастан шыдап жүрген отбасылардан қай жеріңіз артық. Олар таңнан кешке дейін, жұмыс жасап отбасы асырап, күнделікті тірлігімен жүреді. Ал, аштық жариялап, үй сұрайтын аналар, сіздердікі мүлде дұрыс емес. Жұмыс жасап, еңбектеніп ақша табам деген әрбір кісіге жұмыс міндетті түрде табылады. Бұл қарқынмен жүріп жатырған әрбір аналар, осылай Үй алатын болса, кейін тағы шығады емес пе, ойбай мен топырлаған баламен көшеде жүре алмаймын, автобусқа төлейтін ақшам жоқ, маған машина алып беріңдер, тегін бензин құйып беріңдер деп айтса таң қалмас едім.

Жалғасы бар...

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/za-syz-834261](https://yvision.kz/kk/post/za-syz-834261)