---
title: "Заңмен қорғалатын коммерциялық, банктік және өзге де құпия мәліметтерге рұқсаттың болуы жағдайында сот орындаушылардың адалдығын қамтамасыз ету мәселелері"
description: "А.ж. 17 қазанда Ақмола облысы Әділет департаментінде «Азаматтық бақылау» жобасы аясында «Заңмен қорғ..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-10-18T05:32:58+00:00"
modified: "2017-10-18T05:32:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/za-men-or-alatyn-kommerciyaly-banktik-zh-ne-zge-de-piya-m-limetterge-r-satty-boluy-zha-dayynda-sot-o-782121"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/za-men-or-alatyn-kommerciyaly-banktik-zh-ne-zge-de-piya-m-limetterge-r-satty-boluy-zha-dayynda-sot-o-782121/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Заңмен қорғалатын коммерциялық, банктік және өзге де құпия мәліметтерге рұқсаттың болуы жағдайында сот орындаушылардың адалдығын қамтамасыз ету мәселелері

> А.ж. 17 қазанда Ақмола облысы Әділет департаментінде «Азаматтық бақылау» жобасы аясында «Заңмен қорғ...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/PRJ2qL2681tY0pNuix0aU3fEXc8lFn.jpg) А.ж. 17 қазанда Ақмола облысы Әділет департаментінде «Азаматтық бақылау» жобасы аясында «Заңмен қорғалатын коммерциялық, банктік және өзге де құпия мәліметтерге рұқсаттың болуы жағдайында сот орындаушылардың адалдығын қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік сот орындаушылары әрекетінің өзекті мәселелерін, сондай-ақ, саладағы жемқорлық құқықбұзушылықтардың құқықтық статистикасының теріс көрсеткіштерін ашу, мемлекеттік сот орындаушылар санын азайта отырып, жеке сот орындаушылары құрамын кеңейту бойынша шараларды талқылау.

Іс-шараға ҚР МҚІжСЖІҚ Ақмола облысы бойчынша департаменті басшысының орынбасары Д.Хайруллин, Ақмола облысының әділет департаменті басшысының орынбасары Б.Өмірзақов, мемлекеттік және жеке сот орындаушылары, мемлекеттік қызметшілер, прокуратура және ҮЕҰ, БАҚ өкілдері.

Өз баяндамасында Д.Хайруллин сот орындаушылар және мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде адалдық, ашықтық және заңнаманың сақталуына негізделген этикалық нормаларды сақтауына ерекше көңіл бөлу қажеттігіне тоқталды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/za-men-or-alatyn-kommerciyaly-banktik-zh-ne-zge-de-piya-m-limetterge-r-satty-boluy-zha-dayynda-sot-o-782121](https://yvision.kz/kk/post/za-men-or-alatyn-kommerciyaly-banktik-zh-ne-zge-de-piya-m-limetterge-r-satty-boluy-zha-dayynda-sot-o-782121)