---
title: "Заңгерлер не дейді. Біздікілер емес, американдық заңгерлер."
description: "Өзім қызыға көретін американдық телехикаялардың бірі ‒ Suits (орыс тілінде \"Форс-мажоры\"деген атпе..."
author: "yerlan_iskakov"
published: "2017-10-24T10:30:03+00:00"
modified: "2017-10-24T10:30:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/za-gerler-ne-deydi-bizdikiler-emes-amerikandy-za-gerler-782724"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/za-gerler-ne-deydi-bizdikiler-emes-amerikandy-za-gerler-782724/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Заңгерлер не дейді. Біздікілер емес, американдық заңгерлер.

> Өзім қызыға көретін американдық телехикаялардың бірі ‒ Suits (орыс тілінде "Форс-мажоры"деген атпе...

![Заңгерлер не дейді. Біздікілер емес, американдық заңгерлер.](https://storage.yvision.kz/images/user/yerlan_iskakov/A0E3vjiB8OvwqykyWiAk143NR3WF5C.jpg)

Өзім қызыға көретін американдық телехикаялардың бірі ‒ *Suits* (орыс тілінде "Форс-мажоры"деген атпен мәлім, ал сөзбе-сөз аударсақ, аталған сөз «костюм», «сотқа берген талап-арыз» және басқа да мағыналарда қолданылады).

Бұл хикая Нью-Йорктің ірі заң компаниясы қызметкерлерінің өмірі жайында, соған қарамастан оқиғалардың барлығы заң, әділдік, біреудің құқықтары мен бостандықтары турасында емес, көбінесе "корпоративтік қарым-қатынастар", достық, махаббат және сатқындық туралы десе болады. Басқаша болса, сериал көрерменге қызық болмайтын да шығар.

Телехикаяны түпнұсқада, ағылшын тілінде, көріп жүрмін; басында заң саласына қатысты терминдер көп болады, диалогтарды түсіну қиынға түседі деп алаңдаған едім. Заң терминдері мен ойлағандай көп емес екен.

Кейіпкерлердің ең жиі қолданатын заң терминдері ішінен мына екеуін ерекше атап өтер едім: AFFIDAVIT (күдіктінің немесе күәгердің жазбаша түсінігі, жауаптары) және DEAL (мәміле, келісім).

АЛАЙДА, телехикаяда ең көп айтылатын сөздер бұлар емес, ең жиі қолданылатын сөздердің заңға, азаматтық және т.б. істерді жүргізуге тікелей еш қатысы жоқ.

Сонымен, ең көп қолданылатын екі сөз мынадай – **Bullshit/Shit** (сандырақ, бос сөз, өтірік):

That's bullshit / Don't bullshit me [басымды қатырма];

Get your shit together [есіңді жи].

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/za-gerler-ne-deydi-bizdikiler-emes-amerikandy-za-gerler-782724](https://yvision.kz/kk/post/za-gerler-ne-deydi-bizdikiler-emes-amerikandy-za-gerler-782724)