---
title: "«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру"
description: "Адам баласы мына зымырап жатқан уақытта заман ағымынан қалмай тірліктерін істеп жатады. Бірі бизнес ..."
author: "ceka"
published: "2015-06-10T09:17:34+00:00"
modified: "2015-06-10T09:17:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/za-dy-t-l-alar-memlekettik-derekter-orynan-any-tama-beru-508190"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/za-dy-t-l-alar-memlekettik-derekter-orynan-any-tama-beru-508190/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру

> Адам баласы мына зымырап жатқан уақытта заман ағымынан қалмай тірліктерін істеп жатады. Бірі бизнес ...

Адам баласы мына зымырап жатқан уақытта заман ағымынан қалмай тірліктерін істеп жатады. Бірі бизнес саласына қадам басып, өз кәсіпорнын ХҚКО – ларға келіп тіркеп жатса, бірі бизнес әлемінен кері келіп, мемлекеттік қызметке қадам басып жатады. Дәл осы тұрғысында ХҚКО мен электронды үкімет порталы сіздің басты көмекшіңіз болады.

«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру қызмет түрі өте ауқымды. Себебі, дәл осы мемлекеттік қызмет түріне жүгіне отырып сіз өзіңізге қажетті бір емес бақандай он анықтаманы қажетіңізге қарай ала аласыз. Атап айтсақ: 1) тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы; 2) заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар екендігі туралы; 3) заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы; 4) жеке тұлғаның заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысуы туралы; 5) заңды тұлғаны әрекетсіз заңды тұлға деп немесе оның қатысушыларын әрекетсіз заңды тұлғаларға қатысы бар деп тану туралы; 6) құрылатын заңды тұлғаның атауы тіркелген шаруашылық субъектінің атауымен сәйкес келуі туралы; 7) заңды тұлғаның барлық тіркеу іс-әрекеттері туралы; 8) көрсетілген мерзімге заңды тұлғаның тіркелгені туралы; 9) құрылтай құжаттарына соңғы толықтырулар мен өзгерістердің енгізілгені туралы; 10) заңды тұлғаның үлесіне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы; анықтамаларды жеке куәлігіңізді көрсету арқылы ХҚКО – ға жүгіну арқылы ала аласыз. Бұл қызмет түрі тегін әрі 20 минутта алуыңызға мүмкіндігіңіз бар. Аталған қызмет түрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсанындағы № 1570 қаулысымен бекітілген стандарты негізінде жүзеге асырылады. Сондай – ақ осы қызметті электронды үкімет порталынан да алуға болатындығын Сіздің қаперіңізге бере кетеміз. Қызмет жайлы толық ақпаратты республика көлемінде 1414 телефоны арқылы немесе сіздің мекен-жайыңызға жақын кез келген ХҚКО – лардан алуларыңызға болады. Сонымен, достар! Өз кәсібіңізді тіркеп, кәсіпкерлік саласында сәтті қадам жасауға барлық мүмкіндіктеріңіз бар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/za-dy-t-l-alar-memlekettik-derekter-orynan-any-tama-beru-508190](https://yvision.kz/kk/post/za-dy-t-l-alar-memlekettik-derekter-orynan-any-tama-beru-508190)