---
title: "Заңды білу – заман талабы"
description: "2015 жылғы 15 мамыр күні Орал қаласындағы №42 мектеп-гимназиясында «Заңды білу – заман талабы» та..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-05-15T08:44:53+00:00"
modified: "2015-05-15T08:44:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/za-dy-bilu-zaman-talaby-501537"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/za-dy-bilu-zaman-talaby-501537/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Заңды білу – заман талабы

> 2015 жылғы 15 мамыр күні Орал қаласындағы №42 мектеп-гимназиясында «Заңды білу – заман талабы» та...

![Заңды білу – заман талабы](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/z56C9QTtlS8jimoO3bO6QtARQrY5gd.jpg)

**2015 жылғы 15 мамыр күні** Орал қаласындағы №42 мектеп-гимназиясында «Заңды білу – заман талабы» тақырыбында сыныптан тыс сабағы өтті. Мақсаты – оқушылардың құқықтық білімін және мәдениетін арттыру. Шараға 10 класс оқушылары қатынасты.

Оқушылар А.Ерниязова «Бала құқығы – асыл қазына», А.Октяброва «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі», А.Ғабдуәли «Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі», А.Зинатова «Құқықтық сауаттылық», М.Ғайса «Жас заңгерлер клубы» тақырыптарында өз баяндамаларын оқыды. Қатысушылар шара барысында баяндамалар оқып, қазіргі таңда білімді болудың маңыздылығы мен қажеттілігіне тоқталды. Әр азаматтың бойында Отансүйгіштік, еңбекқорлық және адалдық қасиеттерін қалыптастыру мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, Департаменттің консультанты Б.Хайруллин «Мемлекеттік басқарудың негізгі түсініктері, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру» бойынша ақпараттандырды.

![Заңды білу – заман талабы](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/LjbJHKjidL92pZ2Jq7PScLK052zI4H.jpg)

![Заңды білу – заман талабы](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/76s46fuRNyl6MW8xz2Zvx030H352Mn.jpg)

![Заңды білу – заман талабы](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/BNv1pgh1Vs7qYhV1xN3tK2II3819Pu.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/za-dy-bilu-zaman-talaby-501537](https://yvision.kz/kk/post/za-dy-bilu-zaman-talaby-501537)