---
title: "«Өз ойыңды басқару» тақырыбнда өткен қызықты тренинг"
description: "Бүгін, 2014 жылдың 5 желтоқсанында «Нұр Отан» мекемесінде жастар мен Дамир Тілеубаев арасында кездес..."
author: "sakenovam"
published: "2014-12-05T11:05:54+00:00"
modified: "2014-12-05T11:05:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/z-oyy-dy-bas-aru-ta-yrybnda-tken-yzy-ty-trening-445883"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/z-oyy-dy-bas-aru-ta-yrybnda-tken-yzy-ty-trening-445883/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Өз ойыңды басқару» тақырыбнда өткен қызықты тренинг

> Бүгін, 2014 жылдың 5 желтоқсанында «Нұр Отан» мекемесінде жастар мен Дамир Тілеубаев арасында кездес...

Бүгін, 2014 жылдың 5 желтоқсанында «Нұр Отан» мекемесінде жастар мен Дамир Тілеубаев арасында кездесу өтті. Тренинг «Өз ойыңды басқару» тақырыбында болды. Тренинг жүргізушісі кездесуге келген жастармен өз ойларымен, мысалдарымен, тәжірибесімен бөліскен болатын. Жастар осының алдында да осы жаттықтырушының тренингтеріне қатысқандықтан, өздерін бос ұстады. Әр қатысушының өз пікірін еркін жеткізуге мүмкіндігі болды. Жаттықтырушы бүгінгі таңдағы жастар арасында қызықты әрі толғантарлық мәселе жайлы сөз қозғады. Бүгінгі таңда жетістікке жету үшін мақсат қою жеткілісіз, ол үшін еңбек етіп, қойылған мақсатқа жетудің жолдарын қарастыру керек екендігі барлығы үшін мәлім. Сонымен қатар, адам өмірінде оның ойлары үлкен орын алады. Алайда сол ойларды жинақтап, біріктіру әдістері, оларды дұрыс басқара білу жайлы көп адам біле бермейді. Ол үшін, өзге істердегі сияқты, уақыт пен тәжірибе қажет. Сондықтан біз үшін осы істің қыр-сырымен таныс адаммен бетпе-бет кездесіп, тәжірибе алмасу маңызды болған. Ақпаратты тиімді жеткізудің бірден-бір жолы – белгілі бір тұлғалардың өмірінен шынайы мысал келтіру болғандықтан, Дамир қатысушыларды әлемдегі ең атақты, белгілі тұлғалардың тағдырымен, жетістікке жету жолдарымен, өмірлік ұстанымдармыен таныстырған болатын. Бұл, сөзсіз, жастардың қызығушылығын тудырды. Сонымен қатар, жастар назарына «Көбелектер циркі» атты қысқаметражды фильм ұсынылды. Фильм тренинг тақырыбына сай өз-өзіңе деген сенімділік, адамның ақыл-ойының күші жайлы болды. Фильмнің басты кейіпкері өз тағдырындағы адам сенгісіз қиыншылықтар мен адамдардың өзіне бағыттылған балағат сөздеріне қарамастан, басына түскен жайыттан пайдалы нәрсе тауып, көздегеніне жетті. Фильмнің қатысушыларға әсер еткендігі соншалық, олар фильм соңында көздеріне жас алып, басты кейіпкердің ерік-жігеріне тәнті болды. Жаттықтырушы кездесуге келген жастар үшін қызықты ойын түрін ұсынды. Осы кездесуден әрбір қатысушы өзіне бір пайдалы ақпарат алып, түйін жасағанына сенімдімін. Тренинг ортақ фотомен аяқталды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/z-oyy-dy-bas-aru-ta-yrybnda-tken-yzy-ty-trening-445883](https://yvision.kz/kk/post/z-oyy-dy-bas-aru-ta-yrybnda-tken-yzy-ty-trening-445883)