---
title: "Қызылша дерті қайтадан күш ала бастады"
description: "Астанада күн сайын 75-80 бала қызылша инфекциясын жұқтырып ауруханаға түсуде. Оның дені — балалар...."
author: "jan.123"
published: "2024-01-12T11:41:20+00:00"
modified: "2024-01-12T11:41:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylsha-derti-aytadan-k-sh-ala-bastady-999814"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylsha-derti-aytadan-k-sh-ala-bastady-999814/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызылша дерті қайтадан күш ала бастады

> Астанада күн сайын 75-80 бала қызылша инфекциясын жұқтырып ауруханаға түсуде. Оның дені — балалар....

Астанада күн сайын 75-80 бала қызылша инфекциясын жұқтырып ауруханаға түсуде. Оның дені — балалар. Бұл туралы қалалық №3 көпбейінді балалар ауруханасы директорының орынбасары Роза Өтегенова хабарлады.

![Қызылша дерті қайтадан күш ала бастады](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/86426041552cc3c212437404cf3d8e.jpg)

«Біздің ауруханаға қызылша инфекциясымен күніне 75-80-ге жуық бала түсіп жатыр. Оның 30-35%-ы стационарлық, қалғаны амбулаториялық ем алып жатыр. Қызылша жұқтырғандардың көбісі 7 жасқа дейінгі балалар. 10-15% ғана 7 жастан асқандар және 17% 1 жасқа толмаған сәбилер», - деді Роза Өтегенова Астана қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, маман қызылшаны жұқтырудың бірнеше себебін атады.

«Мысалы, балабақшадан жұктырып келуі мүмкін, сосын оны үйдегі балаларға жұқтыру қаупі бар. Қызылша жұқпалы және оның таралуы жоғары (100%). Сондықтан уақытылы екпе алған абзал», - дейді ол.

kaz.inform.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzylsha-derti-aytadan-k-sh-ala-bastady-999814](https://yvision.kz/kk/post/yzylsha-derti-aytadan-k-sh-ala-bastady-999814)