---
title: "Қызылордалықтар Илья Ильинді құрметпен қарсы алады"
description: "Бүгін сағат 15.30-да Қорқыт ата әуежайынан жерлесіміз, әлемнің үздік ауыр атлеті, екі дүркін Ол..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-11-18T21:07:50+00:00"
modified: "2014-11-18T21:07:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordaly-tar-ilya-ilindi-rmetpen-arsy-alady-440906"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordaly-tar-ilya-ilindi-rmetpen-arsy-alady-440906/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызылордалықтар Илья Ильинді құрметпен қарсы алады

> Бүгін сағат 15.30-да Қорқыт ата әуежайынан жерлесіміз, әлемнің үздік ауыр атлеті, екі дүркін Ол...

[!\[Қызылордалықтар Илья Ильинді құрметпен қарсы алады\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/11/201211081612211-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/11/201211081612211.jpg) Бүгін сағат 15.30-да Қорқыт ата әуежайынан жерлесіміз, әлемнің үздік ауыр атлеті, екі дүркін Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Илья Ильинді салтанатты түрде күтіп алу шарасы ұйымдастырылады. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Сонымен қатар 18.00-де «Алатау» мейрамханасынан орталық алаңға дейін (Жібек жолы — Абай даңғылы — Байтұрсынов — Қонаев — Қазыбек би — Қорқыт ата — Жақаев — Орталық алаң) Ильяның қатысуымен қаланың орталық көшелерінде автошеру және кешке сағат 20.00-де орталық алаңда чемпионның жеңісіне арналған облыстағы шығармашыл жастардың мерекелік концерті өтеді.

Автор: [Елубай Әуезов](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/929) [!\[Қызылордалықтар Илья Ильинді құрметпен қарсы алады\](http://www.inform.kz/img3/ico_facebook.png)](https://www.facebook.com/elubay.auezov)

Басты сөздер: [Қызылорда облысы](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/262) , [Қоғам](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/402) , [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzylordaly-tar-ilya-ilindi-rmetpen-arsy-alady-440906](https://yvision.kz/kk/post/yzylordaly-tar-ilya-ilindi-rmetpen-arsy-alady-440906)