---
title: "Қызылордалық полицейлер тағы да ірі есірткі алқабын жойды"
description: "«Қарасора-2022» жедел- профилактикалық іс-шарасы кезінде Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы..."
author: "usergoogle118418427212203335364"
published: "2022-06-21T14:10:05+00:00"
modified: "2022-06-21T14:10:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordaly-policeyler-ta-y-da-iri-esirtki-al-abyn-zhoydy-969692"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordaly-policeyler-ta-y-da-iri-esirtki-al-abyn-zhoydy-969692/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызылордалық полицейлер тағы да ірі есірткі алқабын жойды

> «Қарасора-2022» жедел- профилактикалық іс-шарасы кезінде Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы...

![Қызылордалық полицейлер тағы да ірі есірткі алқабын жойды](https://storage.yvision.kz/images/user/517278/eb648a3daca152e997d93c5874ecde.jpg)

«Қарасора-2022» жедел- профилактикалық іс-шарасы кезінде Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр департаменті мен Шиелі АПб-нің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген жедел іс-шара барысында 34 жастағы қала тұрғыны Қызылорда облысы, Шиелі ауданына қарасты далалық жерде қалың сексеуілдер арасында 1665 (бір мың алты жүз алпыс бес) түп сора өсімдігін еккені үшін құрықталып, ұсталды.

![Қызылордалық полицейлер тағы да ірі есірткі алқабын жойды](https://storage.yvision.kz/images/user/517278/a88943d753df8ac0b2c8de529649d8.jpg)

Одан бөлек оқиға басынан ұсталған күдіктіге жеке тінту жүргізу барысында одан кептірілген марихуана есірткі заты алынды.

Сараптама қорытындысына сәйкес заттай дәлелдеме ретінде алынған зат жалпы салмағы 8 кг. 59 гр. сора өсімдігі мен 657,14 гр. кептірілген марихуана болып шықты.

![Қызылордалық полицейлер тағы да ірі есірткі алқабын жойды](https://storage.yvision.kz/images/user/517278/ff46eee6bfaad6b9258007c86e9bbb.jpg)

Күдікті Шиелі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігімен (Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) және 300 - бабының 2 - бөлігімен (ірі мөлшерде құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

![Қызылордалық полицейлер тағы да ірі есірткі алқабын жойды](https://storage.yvision.kz/images/user/517278/6136378858ed10f3c310d8bea7985b.jpg)

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzylordaly-policeyler-ta-y-da-iri-esirtki-al-abyn-zhoydy-969692](https://yvision.kz/kk/post/yzylordaly-policeyler-ta-y-da-iri-esirtki-al-abyn-zhoydy-969692)