---
title: "Қызылордалық полицейлер есірткі затын заңсыз сақтаған 3 қала тұрғынын құрықтады"
description: "Облыс аумағында жүргізілген кешенді жедел-іздестіру шаралары барысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күр..."
author: "dvdkzokz"
published: "2017-07-25T00:24:07+00:00"
modified: "2017-07-25T00:24:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordaly-policeyler-esirtki-zatyn-za-syz-sa-ta-an-3-ala-t-r-ynyn-ry-tady-773850"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordaly-policeyler-esirtki-zatyn-za-syz-sa-ta-an-3-ala-t-r-ynyn-ry-tady-773850/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызылордалық полицейлер есірткі затын заңсыз сақтаған 3 қала тұрғынын құрықтады

> Облыс аумағында жүргізілген кешенді жедел-іздестіру шаралары барысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күр...

Облыс аумағында жүргізілген кешенді жедел-іздестіру шаралары барысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі затын ірі көлемде сақтаған адамдар тобын анықтап, құрықтады.

Сезіктілердің үйіне тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде есірткі затын тұтынуға арналған құрал-саймандар, есірткіге ұқсас заттек салынған орамалар анықталды. Аталған заттар заттай дәлелдеме ретінде алынып, тиісті сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысымен 1 кг. 179 гр.-ды құрайтын «марихуана» және 207 гр.ды құрайтын «гашиш» есірткі заты екендігі белгілі болды. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша 35 және 31 жастар шамасындағы 3 азамат ұсталып, Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzylordaly-policeyler-esirtki-zatyn-za-syz-sa-ta-an-3-ala-t-r-ynyn-ry-tady-773850](https://yvision.kz/kk/post/yzylordaly-policeyler-esirtki-zatyn-za-syz-sa-ta-an-3-ala-t-r-ynyn-ry-tady-773850)