---
title: "Қызылордалық полицей Лос-Анджелесте өткен әлем біріншілігінде қола жүлде иегері болып танылды"
description: "2017 жылдың 10-16 тамыз аралағында АҚШ-тың Колифорния штатының Лос-Анджелес қаласында Бүкіләлемдік п..."
author: "dvdkzokz"
published: "2017-08-11T06:41:07+00:00"
modified: "2017-08-11T06:41:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordaly-policey-los-andzheleste-tken-lem-birinshiliginde-ola-zh-lde-iegeri-bolyp-tanyldy-775368"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordaly-policey-los-andzheleste-tken-lem-birinshiliginde-ola-zh-lde-iegeri-bolyp-tanyldy-775368/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызылордалық полицей Лос-Анджелесте өткен әлем біріншілігінде қола жүлде иегері болып танылды

> 2017 жылдың 10-16 тамыз аралағында АҚШ-тың Колифорния штатының Лос-Анджелес қаласында Бүкіләлемдік п...

2017 жылдың 10-16 тамыз аралағында АҚШ-тың Колифорния штатының Лос-Анджелес қаласында Бүкіләлемдік полицейлер және өртсөндірушілер арасында әлем біріншілігі өтуде. Аталған спорттық шараға әлемнің 67 елінен құқық қорғау органдарының 8 мыңнан астам қызметкерлері қатысып, бақтарын сынауда.

Бұл жарысқа Қазақстанның намысын қорғау үшін Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың аға инспекторы полиция аға лейтенанты Абдуллаев Ержан Серікбайұлы қатысып, жарыстың бірінші күні-ақ еліміздің қоржынына дзюдо спорты бойынша қола жүлде салды. Жарыс кезінде 81 келі салмақ дәрежесіндегі атлеттермен белдесіп, артқа тастаған Ержан финалда ресейлік және бельгиялық қарсыластарына ғана жол беріп, ІІІ орын иегері атанды. Полиция аға лейтенанты Ержан елімізде өткізілген бірнеше спорттық шараларда топ жарған. Атап айтқанда, 2015 жылы Шу қаласында өткізілген ІІМ чемпионатының қоян-қолтық күресі бойынша ІІ орын жүлдегері, 2017 жылы наурыз айында өткізілген ҚР чемпионатының самбо күресінен ІІІ орын иегері, Т.Көмекбаев атындағы самбо турнирінің ІІ орын жүлдегері атанған.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzylordaly-policey-los-andzheleste-tken-lem-birinshiliginde-ola-zh-lde-iegeri-bolyp-tanyldy-775368](https://yvision.kz/kk/post/yzylordaly-policey-los-andzheleste-tken-lem-birinshiliginde-ola-zh-lde-iegeri-bolyp-tanyldy-775368)