---
title: "Қызылордада жыл басынан бері 153 шетел азаматы республика аумағынан шығарылды"
description: "Жыл басынан бері көші-қон полициясы құрылымдарының қызметкерлерімен облыс аумағына түрлі мақсаттарме..."
author: "dvdkzokz"
published: "2016-10-24T06:09:25+00:00"
modified: "2016-10-24T06:09:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-zhyl-basynan-beri-153-shetel-azamaty-respublika-auma-ynan-shy-aryldy-720848"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-zhyl-basynan-beri-153-shetel-azamaty-respublika-auma-ynan-shy-aryldy-720848/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызылордада жыл басынан бері 153 шетел азаматы республика аумағынан шығарылды

> Жыл басынан бері көші-қон полициясы құрылымдарының қызметкерлерімен облыс аумағына түрлі мақсаттарме...

Жыл басынан бері көші-қон полициясы құрылымдарының қызметкерлерімен облыс аумағына түрлі мақсаттармен келген **25335** шетел азаматы тіркеуге алынды. Алайда олардың **4778-**сі Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылса, **153** шетел азаматы сот шешімімен Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылды. Ал республика төңірегінде шетелдік жұмыс күшін тарту мен пайдалану ережелерін бұзғаны үшін, шетелдіктердің көші-қон заңнамаларын бұзуға жол бергені үшін **141** жергілікті тұрғынға тиісті шаралар көрілген.

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйек – 04 қазан аралығында облыс аумағында заңсыз көші-қондылықпен күресу мақсатында **«Заңсыз келуші - 2016»** жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Осы іс-шараға мобильді топтар құрылып, облыс аумағына келген шетелдіктердің көші-қон заңнамаларын бұзу деректерін анықтау, оларды әкімшілік жауапкершіліктерге тарту, іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау мақсатында шетелдіктердің уақытша тіркелген мекен-жайларына, салынып жатқан құрылыс нысандарына, базарлар мен дәмханаларға рейдтік іс-шаралар жүргізілді.

Нәтижесінде Көші-қон заңнамаларын бұзған ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен *(Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы)* **1211** шетелдік анықталды. Олардың **4** Қытай Халық Республикасының азаматтары.

Сонымен бірге ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабымен *(Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы)* **113** ҚР азаматтары және ӘҚБтК-нің 519-бабы *(Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыруы)* бойынша **42** ҚР азаматына әкімшілік шаралар көрілді. Республика аумағынан **44** шетелдік аластатылды. Оның ішінде **7-і** азаматтық тәртіппен. Көші-қон заңнамаларын бұзуға жол берген **503** шетелдіктің республика аумағында болу мерзімдері қысқартылды. Іздеуде жүрген **1** қылмыскер ұсталды.

ҚР-ның **4** азаматына қатысты Қылмыстық кодекстің **394**-бабы бойынша *(Заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыру),* **1** шетелдікке қатысты ҚК-тің 392-бабы бойынша *(ҚР-ның мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту),* **1** шетелдікке ҚК-тің 393-бабы бойынша *(сот шешімін орындамау)* қылмыстық істер қозғалды.

Іс-шара кезінде жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ Өзбекстан Республикасының **72** азаматы ҚІІБ-ның қабылдау-тарату орнына жеткізілді.

 

**Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-zhyl-basynan-beri-153-shetel-azamaty-respublika-auma-ynan-shy-aryldy-720848](https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-zhyl-basynan-beri-153-shetel-azamaty-respublika-auma-ynan-shy-aryldy-720848)