---
title: "Қызылордада жергілікті полиция қызметкерлері қоғамдық орындардағы тәртіп пен тазалықтың сақталуын қатаң бақылауға алды"
description: "Елбасымыз Н.Назарбаев: «Мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануы тиіс. Дамыған қ..."
author: "dvdkzokz"
published: "2016-01-19T04:37:58+00:00"
modified: "2016-01-19T04:37:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-zhergilikti-policiya-yzmetkerleri-o-amdy-oryndarda-y-t-rtip-pen-tazaly-ty-sa-taluyn-ata-b-673817"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-zhergilikti-policiya-yzmetkerleri-o-amdy-oryndarda-y-t-rtip-pen-tazaly-ty-sa-taluyn-ata-b-673817/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызылордада жергілікті полиция қызметкерлері қоғамдық орындардағы тәртіп пен тазалықтың сақталуын қатаң бақылауға алды

> Елбасымыз Н.Назарбаев: «Мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануы тиіс. Дамыған қ...

Елбасымыз Н.Назарбаев: «Мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануы тиіс. Дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подьезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады», - деген болатын. Құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидаты негізінде атқарылуы керек жұмыстарды жандандыру мақсатында Жергілікті полиция қызметінің ұйымдастыруымен қаңтар айының 18-20 аралығында облыс көлемінде «Таза аймақ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Жедел профилактикалық іс-шараға Жергілікті полиция қызметінің 597 қызметкері жұмылдырылып, іс-шараның 1 күнінде облыс бойынша 403 құқық бұзушылық анықталды. Мәселен, Шиелі кенті, А.Байтұрсынов көшесінің бойында орналасқан Қазынашылық бөлімінің алдында темекі шегіп тұрған 28 жасар қала тұрғыны ұсталды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабына сәйкес, жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзу дерегі бойынша хаттама толтырылып, жалпы сомасы 6363 теңге көлемінде айыппұл салынды. Дәл осындай дерек қала орталығында да орын алған. «КамАЗ» маркалы автокөлігімен көмір сатып, белгіленбеген орында сауда жасап жүрген 22 жасар қала тұрғыны ұсталды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 204-бабына сәйкес хаттама толтырылып, ескерту жасалды. Сонымен қатар, түнгі сағат 23:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін жеке тұрғындардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіру жауапкершілігі заңмен белгіленген. Алайда, 26 жасар Қызылорда қаласы, Титов қыстағының тұрғыны түнгі уақытта шу шығарып, көшенің бойында тұратын басқа азаматтардың түнгі тыныштығын бұзғаны анықталды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 437-бабына сай хаттама толтырылып, 10605 теңге көлемінде айыппұл салынды Қызылордалық полицейлердің қоғамдық орындар мен көшелерде қоғамдық тәртіптің сақталуын, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстары әрі қарай осы бағытта жалғасатын болады.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-zhergilikti-policiya-yzmetkerleri-o-amdy-oryndarda-y-t-rtip-pen-tazaly-ty-sa-taluyn-ata-b-673817](https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-zhergilikti-policiya-yzmetkerleri-o-amdy-oryndarda-y-t-rtip-pen-tazaly-ty-sa-taluyn-ata-b-673817)